22
Жұма,
Қараша

һижри

Күнәні жария етудің түрлері

Күнәні жария етудің түрлері

Ғибратнама
Жарнама

Күнәні жұртқа жария етудің өзі екі түрлі болады.

 

1. Адамның өзгелердің бойындағы қате, кемшіліктерді аңдып, соның соңына түсуі. Бұл көбінесе қызғаныштан, іштарлықтан туындайтын амал.

2. Адамның өз күнәсін өзі паш етуі.

Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жұртқа жариялаушылардан басқа үмбетімнің бәрі құтылады. Жұртқа жариялаудың мысалы – бір кісінің түнде күнәлі іс істеп, Алла оны жасырған болса да таңертең: «Ей, пәленше! Кеше түнде мен мынаны-мынаны істедім» деп айтуы. Ол түнді Раббысының жасыруымен өткізеді де, таңертең Алланың жасырғанын өзі ашады», - деген. Демек, адамның өз қателігін өзі ашып, Алла жасырып қойған кемшілігін жұртқа жариялауына тыйым салынады. Егер мұсылман кісі бір қателік істесе, ол Алла Тағала алдында жасырын тәубеге келіп, өз қылмысын жасыруы керек. «Бір күні Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Мен күнәлі іс істедім, енді сол үшін мені жазала», - дейді. Бірақ Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан не істегені туралы сұрамайды. Содан кейін намаз уақыты кіріп, әлгі адам Пайғамбарымызбен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге намаз оқиды. Намаз оқып болған соң әлгі адам Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайта барып: «Уа, Алла Елшісі! Мен күнә істедім, міне, Алланың Кітабында айтылған жазамен жазала!» - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен жаңа ғана менімен бірге намаз оқымадың ба?» - деп сұрайды. Ол: «Иә, оқыдым», - деп жауап береді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Алла сенің күнәңді кешірді», - деп тәубе қылған адамға Мейірімді Алланың рахымы түсетінін ескерткен (Бұхари).

ummet.kz

Бөлісу: