22
Жұма,
Қараша

һижри

Қазақтың қанына сіңген бес сөз

Қазақтың қанына сіңген бес сөз

Ғибратнама
Жарнама

«Ұят болады», «Жаман болады», «Обал болады», «Сауап болады» және «Құдай үшін» деген сөздер қазақтың қанына сіңген өте қуатты сөздер.

Сан ғасырлық әдеби жәдігерлерімізде жиі кездесетін осы сөздерде ұлттың  этикалық коды тұр. Бұл ұғымдардың астарында Алла жаратқан жан иесінің дүниеге келуінің өзі Алланың аманаты екені,  оның адам болып қалыптасуына дейінгі ата-анасы атқаруға міндетті салт-дәстүрді ұстануға құрметпен қарау сияқты ұлттық тәрбие берудің негізі тұр.

Қазақ «Ұят болады», «Жаман болады», «Обал болады», «Сауап болады» және «Құдай үшін» деп, ұрпағын арамдықтан осы бес-ақ сөзбен  сақтауды  парыз деп санаған. Бүгінгі жастарға отбасын адал ақымен асыраудың зор екенін жеткізе білсек, маңайымызға  қандай қанағатшылдық пен иман нұры төгілер еді. Көршің  қиналып жатқан кезде есігіңді жауып алып, өзің ғана тойынып жүруің  имансыздық пен топастық қана емес-ау.

Жоғарыда айтылған сөздерді естімей өскен бүгінгі  шық бермес Шығайбайлар да баршылық. Қалай болғанда да қазақты әрі қарай да тәрбиелейтін осы сөздердегі этикалық әдептілік. Ахмет Байтұрсынұлының: “Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын”, ”Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа  борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ”,”Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең, құл болады» деген сөздерінде ұлттық тәрбиеміз бен отансүйгіштіктің басты шарттары анықталған.

ummet.kz

Бөлісу: