21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Адал ардың иелері

Ғибратнама
Жарнама

Омар ибн Әл Хаттаб (р.а.) әйелінің мисктерді (хош иісті әтір суын) өлшеп бергенін қаламайтын болған. Бірде Омарға (р.а.) Бахрейннен көп көлемде миск келеді. Сол уақытта мұсылмандардың әміршісі (р.а.):  «Біреулерің мына мискті өлшеп, теңдей етіп мұсылмандарға бөліп берсеңіздер» деп бұйырады.

 

Сонда Омардың (р.а.) әйелі «мен өлшеп берейін»  дейді. Омар (р.а.) оның бұл сөзіне жауап қатпады. Аз уақыттан соң ешкім үндемегендіктен Омар (р.а.): «Кім мына мисктерді өлшеп, таратып береді»  деп қайта сұрады. Сонда Омардың әйелі тағы да «мен өлшеп берейін» деп тіл қатады. Бірақ, Омар (р.а.) осы жолы да әйелінің сөзін елемеді. Әйелі үшінші рет қайталағанда Омар (р.а.): «Сен ол мискті қолыңмен ұстайсың, қолыңа тиген мискті киіміңе сүртесің, сонда мен маған тиесілі болған мөлшерден артық алған болып саналмаймын ба?» дейді. Әділетті халиф сөзін онан әрі жалғастырып, «мискті өлшеген әрбір адам осындай жағдайда болады және артық көлемде алған болып есептеледі» дейді.

Иә, Омар (р.а.) қандай бір зат болмасын еш уақытта өзіне де, өз отбасына да өзгелерден артық етіп алғанды қаламайтын. Дәл осындай жағдай халифа Омар ибн Абдулғазиздің де (Алла оған разы болсын) басынан өткен. Қазынадағы мискті өлшеп жатқанда Омар ибн Абдулғазиз (Алла оған разы болсын) «мискті қолдану, оның иісін иіскеу болып саналады» деп мұрнын жапқан. Міне, сахабалар, олардың ізбасарлары, одан кейінгілер де өз істерінде басқа адамдардың ақысына келгенде қаншалықты таза, адал, Алладан шынайы қорқатын ұлы тұлғалар болған.                               

                                                                                 Дайындаған:   Ерлан Әлменов

Бөлісу: