19
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Білім алу кезіндегі тақуалық бөлімі

Осы тақырыпқа қатысты Алла елшісінен (с.ғ.с.) мынадай хадис риуаят етіледі: «Кімде-кім тәлім алу кезінде тақуалық етпесе, Алла тағала оған мына үш қиыншылықтың бірін жібереді: оны жастық шағында өлтіреді, не болмаса ауылдарға жібереді немесе сұлтандар қызметімен қинайды». Шәкірт тақуа болса, білімі жемісті, жолы жеңіл және пайдалары орасан көп болмақ.

Білімнің ақиқаты неде?

Әбу Мұса (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісі былай деді: «Алланың маған жіберген тура жолы мен білімі бейне бір жер бетіне тоқтамай жауған берекелі жаңбыр секілді. Кейбір жерлер бар, топырағынан майы тамған құнарлы. Ондай сулы да нулы жерлерге көк шыбық ексең көктеп, мәуелі ағашқа айналады.

Ислам ғылымының Батыс арқылы әлемге таралуы

Ислам мәдениетіндегі мемлекеттер Батыс мәдениетінің шекараларын Әмәуилер, Аббаситтер мен Осман империясының шарықтау кезеңдерінде өздеріне қосып алуға тырысқан, бұл жаулап алу әрекеті, әсіресе, түріктердің Исламды қабылдауларынан кейін өрши түсті. Анадолының басып алынуынан кейін крестшілер жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесті.

Мұсылман ғалымдарының ғылым тарихындағы орны

Ислам тарихына көз жүгіртсек, ежелгі сахаралық  арабтар дін келмей тұрып нағыз надандықтың шырмауында болатын. Не мәдениет саласында, не ғылым  саласында іліп аларлық дәнеме жоқ. Олардың ел  сыйларлық, санасарлық, тағылым аларлық дәрежеге  жеткендігі осы діннің арқасында.

Ислам және ғылым: Исламдағы қоғамтану

Діннің идеялогиялық маңызын тереңірек түсіндіру үшін алдымен адам өміріне қажеттілігін айқындау қажет. Біріншіден, дін қоғам өмірінде адам арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру үшін қажет. Діндердің бірі Исламды зерттеп көрсек: Ислам адамзат өміріндегі ең жаңа және өмірге өскелең көзқараспен қарайтын дін. Ол тек тұрмыстық өмірді ғана өзгертіп қойған жоқ. Сонымен қатар адамның сана-сезімін, қоғам идеялогиясын өзгертуге ықпал жасады.

Ислам және ғылым: Осман медреселері

Осман мемлекеті заманында медреселер бағдарлама және архитектуралық тұрғыдан дамып, қалалардың архитектурасында маңызды рөлі болды. Фатих Сұлтан Мехмет алғаннан кейін мемлекеттің астанасы және ғылыми орталыққа айналған Стамбулда падишалар, уәзірлер, ғылым адамдары, кейбір сарай қызметшілері көптеген медресе салдырды. Осман кезеңінде медреселерден басқа жерлерде де әртүрлі дәрежеде оқуағарту ісі жүргізілді. Бұлардың бірі әскери-әкімшілік қызметкерлер дайындайтын Эндерун мектебі.

Исламның қайнар көзі – Құран және сүннет

Құран – Ислам мәдениетінің және құрылымдарының ең маңызды және басты қайнар бұлағы. Әлеуметтік топтардың мойынсұнуын қажет ететін заң. Әрбір кісінің мемлекет пен халық алдындағы міндеттерін көрсетіп тура жолды меңзейтін қасиетті кітап. Бұл кітап мұсылман жамағатының діни, саяси, әлеуметтік, ахлақи және әскери құрылымдарының құрылып, ары қарай өркендеуіне себепші болды. Өйткені мұсылмандар білгісі келген нәрселердің барлығын Құраннан алатын еді. Құранда артық, керексіз болған ешбір нәрсе жоқ.

Исламдағы оқу-ағарту: Осман мемлекетіне дейінгі медреселер

Оқу-ағарту үшін мешіттен тыс өз алдына салынған алғашқы құрылыс Аббаси халифасы Мәмун (813-833) кезінде Бағдатта салынған Бәйтул-Хикма.(Ислам тарихы. (Умаялықтар және Аббасттықтар кезеңі), Сейтбеков С. Нысанбаев С. Шымкент 2002, 154б.)

Дін мен ғылымның арақатынасы

Негізгі көпшілік, оның ішінде өзіміздің мұсылман қауымының кейбірі де, ғылым мен дінді, дәлірек айтсақ, Ислам діні мен ғылымды бөле қарайды. Ал Ислам діні мен ғылым ешуақытта да әсте бөлінбек емес.

Білім ізденушінің әдептері

Әрбір мұслыман білімді адал ниетпен үйренуі керек. Мақсаты тек қана байлық жинап, мәртебеге ие болып, рахат өмір сүру болса, бұл дүниеде өз еңбегінің жемісін көргенімен, ақыретте оның еш пайдасы болмайды.

Ислам және ғылым: Медресеге дейінгі оқу орындары

Ислам әлемінде медреселерден бұрын да оқу орындары болған. Бірақ оқу-ағарту ісі белгілі бір мекемелерде емес, мешіт, кітап дүкенінде, әдеби орындарда жүргізілетін. Сондықтан медресеге дейінгі оқу орындарына тоқталғанда бұларды аттап кету мүмкін емес.