20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Білімнің ақиқаты неде?

Білімнің ақиқаты неде?

Дін және ғылым
Жарнама

Әбу Мұса (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісі былай деді: «Алланың маған жіберген тура жолы мен білімі бейне бір жер бетіне тоқтамай жауған берекелі жаңбыр секілді. Кейбір жерлер бар, топырағынан майы тамған құнарлы. Ондай сулы да нулы жерлерге көк шыбық ексең көктеп, мәуелі ағашқа айналады.

Кейбір жердің топырағы сазды болып келетіндіктен ылғалы мол. Аң мен адам қақтың суын (ой-шұңқырға жиналған су), көлшік пен шалшықты пайдаланады. Ал кей жерлер шөл мен шөлейтті болып келеді. Не жасыл желегі мен көкорай шалғыны, не тіршілікке нәр берер ылғалы жоқ. Аңғарған адамға бұл – Алланың дінін үйреніп, оны басқаларына үйреткен адам мен осы дінге мән бермей, маған жіберілген тура жолды қабылдамайтын адамның арасындағы айырмашылықтың қандай болатынын аңдататын мысал».

Ибн Мәсғуд (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісі былай деді: «Маған дейін келген әр пайғамбардың қауымында оның ізімен жүретін көмекшілері болған. Әр пайғамбар өмірден өткен сайын араға бірталай уақыт салып, өз дегенін ғана істейтін, діннің бұйрықтарын Алла елшісі мен сахабалардың білімге деген құштарлығы пысқырмайтын бір ұрпақ келетін болған. Олар өз қалауымен жүріп, Алланың әміріне мойынсұнбаған.

Кімде-кім оларға қарсы майдан ашып, тегеурінді әрекетке барып, күрессе, олар – шын мүміндер. Тілімен қарсылық білдірсе де мүмін болады. Жүрегімен айыптаса да мүмін. Ал бұны істемеген адамда тарыдай да иманның болмағаны».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: