01
Жұма,
Қараша

һижри

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды. «Нұр Астана» орталық мешітінде өткен Құрбан айт мерекесі аясында «Мейірімділік жәрмеңкесі» өткізілді.

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Таңғы сағат 7:00-де Астанадағы барлық мешітте айт намазы оқылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиылған кісінің қарасы көп. «Нұр Астана» орталық мешітінде оқылған айт намазына он мыңға жуық жамағат жиналды.

 

– Ассаламағалейкум, құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Мұсылман халқы үшін қадірлі Құрбан айт мерекесі есігімізден енгелі тұр. Осынау ұлық мерекенің мән-маңыздылығына тоқталып өтсеңіз...

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар!

Баршамызды айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Үйдің сәні мен әнін келтіретін – дастарқан. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады дейді қазақ халқы. Расында,  үстелі жайнап тұрған шаңырақтың берекесі қашпайды. Ал, дастарқанның шырайы мен дәмін кіргізу – қашан да әйелдің қолында. Әсіресе заман озған сайын ас мәзірінің қатары да қалысар емес. Осыған орай ҚМДБ Жастар ісі бөлімі Әйелдер-қыздар секторының «Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубы ас әзірлеуден шеберлік сағатын ұйымдастыруды жақсы әдетке айналдырған. Бұл жолы «Жібектің» қыз-келіншектері қатпарлы самса пісіруден және салат дайындаудан мастер-класс өткізді.

Бүгін ҚМДБ  наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Астана қаласындағы мешіттердің бас имамдары  Құрбан айтқа орай «Раббың үшін құрбан шал» атты дәстүрлі кеңесте бас қосты.

Құрбан айт – қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды. «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атауымен өткен шараға «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров, ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС сарапшысы Алмагүл Қуанышқызы, Астана қалалық СЭС-тың жетекші маманы Айбек Бақытбеков қатысып, қасапшыларға діни әрі тазалық турасында кеңестер айтты.

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді. Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Лаңкестік әрекеттерден сақтану жолдары» тақырыбында әйелдер жамағатына арнайы сабақ өтілді. Сабақты орталық мешіттің ұстазы, ҚМДБ жалпы жастар ісі әйел қыздар секторының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы жүргізді.

«Астана медресе колледжінде» оқуға биыл 95 талапкер үміт білдірді. Бүгін олар кезекті емтиханды тапсырып, Ислам негіздері төңірегінде әңгімелесу кезеңінен өтті.

Бүгін корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде жыл сайынғы «Мектепке дайындаламыз» қайырымдылық акциясы өтті.