27
Сенбі,
Шілде

һижри

Кім өз кемшіліктерін көргісі келсе, төрт жолға назар аударсын

Алла бір пендесіне жақсылық қаласа, оған өз кемшілігін көре алатындай көрегендік нәсіп қылады. Кім көреген болса кемшіліктері өзіне көрінбей қалмайды. Пенде өз кемшіліктерін білсе, оны жоя алады. Бірақ адамдардың көпшілігі өз кемшіліктері мен айыптарын көрмейді. Кейде өзінің басындағы түйені көрмей, біреудің басындағы шөпті көреді. Кім өзінің кемшіліктерін көргісі келсе, бұның төрт жолы бар:

«Сендердің дүниелеріңнен маған үш нәрсе сүйкімді»

Расулалла (с.а.с.) былай дейді: «Сендердің дүниелеріңнен маған үш нәрсе сүйкімді болды: хош иісті сулар, әйелдер, әсіресе намаз көзімнің қарасындай болды».

Алты ай ғана өмірің қалды десе, не істер едің?

Негізінде адамның уақыты – оның ғұмыры. Бір күніңізді артқа тастасаңыз, бір бөлшегіңізді жоғалтқаныңыз. Егер сағат тілі алдымызда үздіксіз тынбай 6, 7, 8, 9, 10-ды көрсетсе, сізге берілген тағдыр сағаты, керісінше, 10, 9, 8, 7, 6... ең ақырында 0-ді көрсетеді. Яғни, мына фәни дүниеде ішер дәм-тұзымыз таусылады деген сөз.

Адамның көңілін қалдыру – Қағбаны мың рет жыққаннан да ауыр

Адамзат баласы өмірдің сын сағаттарында түрлі көңіл-күйді бастан кешеді. Қамығу, сағыну, мұңаю, күйіну, сүйіну, өкіну – бəрі де екі аяқты, жұмыр бастыға тəн қасиеттер. Кейде жалғыз ауыз жылы сөзге балаша мəз болып қуанса, кейде болмашы нəрсеге бола қатты құлазып, жүрегі мұздап, жаны сыздап, сол сəт өмірден безіп кеткісі келеді. Жақын адамыңыздың кейде аяқасты бұртиып, томсырайып қалғанын көресіз.

Пенденің тәубесі қабыл болғандығының белгілері

Бір хакімнен «Күнәсына тәубе жасаған пенденің тәубесінің қабыл болғандығының білуге бола ма» деп сұрағанда: «Ол туралы үкім ете алмаймын. Бірақ оның белгілері бар», – деген екен.