22
Жұма,
Қараша

һижри

Қайғырмау үшін өзіңнен мына бес нәрсені сұрауға дағдылан

Қайғырмау үшін өзіңнен мына бес нәрсені сұрауға дағдылан

Иман келтіру

Алла тағала алғашқылар мен кейінгілерді жинайтын ақырет күні оның әділдігінен жүрегің тынышталады. Бұл дүниеде өзгеде есесі кеткен адам сол күні ақысын алады, кім бұл өмірде зұлымдық көрсе, ол күні кегін қайтарады, жамандық жасағандар сол күні жазасын алады.

Немістің атақты философы Кант былай деген: «Расында бұл дүниенің қойылымы толық емес, міндетті түрде екінші көрініс болуы керек. Себебі, біз бұл өмірде эәбірлеуші мен жәбірленуші адамдарды көреміз де,cәулесіәділдікті көрмейміз. Сол секілді жеңуші мен жеңілуші бар да, кек алу жоқ. Олай болса әділдік орнайтын екінші әлемнің болуы міндетті».

Шейх Али Әт-Тантауи Канттың сөзін былай түсіндіреді: «Бұл сөздер – ақырет күні мен қияметке іштей сеніп, мойындау».

Алла тағала Құранда «Мүмин» сүресінің 17-аятында былай деген: «Бүгін әділетсіздікке жол берілмейді. Күдіксіз Алла тез есеп алушы».

Ғалымдардың сөздері мен қауымдардың тәжірибелерінен мысалдар:

Роберт Люис Стивенсон: «Барлық адам қанша қиын болса да бір күн ішінде тіршілігін жасайды және әрбір адам күн қызарып батқанша бақытты сезіне алады. Міне, өмір деген осы».

Стивен Люкс былай деген: «Сәби өседі, жігіттік жасқа жетеді, отбасын құрады, үйленген соң: «Үйленгеннен кейін не болмақ? Осы барлық шақтардың ақыры қайда апарады?» деп ойланады екен. Соңында зейнеткерлікке шыққанда бір тұжырымға келеді. Ал ол кезде әлсіреп, өткеніне қарайды. Расында ол бүкіл өмірін зая жіберген болады. Уақыт өте келе біз өміріміздің мәні осы күніміздің әрбір сәттері мен сағаттары екенін ұғамыз. Сол секілді тәубеге келуді кейін қалдырушылар да дәл сондай жағдайға ұшырайды». Ілгеріде бір кісі: «Мен сендерді «кейін істеймін» деген сөзден сақтануды ескертемін. Себебі осы сөз қанша адамды ізгі істер мен тәубеге келуден кешіктірді» деген екен.

Француз философы Монтескьё: «Өмірім ізгіліктен жұрдай, жамандыққа толы күйде өтті», – деген екен.

Данте былай деген: «Өмір жайлы ойлан, себебі бұл күнің қайта айналып келмейді».

Хадисте одан да көркем әрі толық былай делінеді: «Әр намазды соңғы намазыңдай оқы!». Кімде-кім осы күнін өмірімнің соңғы күні деп қабылдаса, онда тәубесі жаңарып, амалы жақсарып, Раббысына тағаты күшейіп, Пайғамбарға ерген болады».

Қайғырмау үшін өзіңнен бүгінің, өткенің және келешегің жайлы мыналарды сұрауға дағдылан:

1. Болашақтан немесе ондағы жабырқаудан қорыққандықтан бүгінгі күнімде істейтін істерді кейінге қалдыруым керек пе?

2. Өткен күндердің еншісінде қалған істердің себебінен осы күнімді қайғылы қылмақпын ба?

3. Таңертең ұйқыдан оянып, осы күнімді толықтай пайдалануға кіріссем қалай болады?

4. Осы күніммен өмір сүрсем, өмірімнен пайда ала аламын ба?

5. Бұл амалдарды қашан бастаймын? Келер аптада ма, әлде ертең бе, жоқ бүгін бе?

Міне осы сұрақтар туындаған адам уақытын пайдалы етіп өткізе алады.

материал “Үміт сәулесі” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: