16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Жалқауланып намазды бір оқып, бір оқымай жүрмін. Не істесем екен?

Жалқауланып намазды бір оқып, бір оқымай жүрмін. Не істесем екен?

Намаз

Иманды қалай күшейтуге болады? Намаздарымды оқымай қаза етіп жүрмін. Қаза қылмай екі күн оқысам, қалған 5 күн оқымай қоямын. Бұлай еткенше мүлдем оқымай қойған дұрыс шығар деп жүрмін. Не айтар едіңіз?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадис шәрифінде: «Кім намазды әдейі тастаса, Алла оның істерін жойып, Алланың панасы одан ұзақтайды», - дейді[1].

О дүниеде тозақ иелері: «Сендерді тозаққа түсірген не нәрсе?» деп сұралғанда, олардың бірінші айтатын себебі: «Біз намаз оқитындардан емес едік...» деу болады екен. 

Сондықтан, Сізге айтар кеңесіміз:

Біріншіден – жиі уағыз тыңдаңыз. Уағыз – адамның ықыласын оятады. Өзінің Алланың құлы екенін еске салады.

Екіншіден – өзге кітаптармен қоса, діни әдебиеттерді де оқып тұрыңыз.  

Үшінші – жиі қабір өмірін пікірлеп тұрыңыз. Қабірге барғанда жағдайыңыз қандай күйде болмақ, соны бір пәс ойланыңыз. Әр жалқаулық ұстап, намазды қазаға қалдыруды ойлаған сәтіңізде: "Ертең өліп қалсам, қабірге барғанда жағдайым не болмақ?" - деп ойлаңыз.  

Біздің бір кемшілігіміз - бұл өмірде мәңгі өмір сүрердей боламыз да тұрамыз. Негізінде, әр өткен секунд – бізді өлімге жақындатуда. Сондықтан да, әркім өз-өзіне сұрақ қоюы тиіс: О дүниеге баруға дайынмын ба? Қап-қараңғы суық жерде, жалғыз өзі ғана, көмекке келер ешкімі жоқ, айқайласа да, шыңғырса да ешкім естімейді. Сондай сәтте рухыңызға жебеу болып, қараңғы қабіріңізді нұрға толтырар – намазыңыз бар ма? Құранда: «Әркім ертеңгі күнге не әзірлегеніне қарасын», - деген. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) нақты, бұлтартпас хадистерінде қабір азабының бар екендігін ашық айтқан. Қабір - кей рухтарға тозақтың шұңқырларынан бір шұңқыр, ал кей рухтарға пейіш бақшаларынан бір бақша болатындығы риуаяттарда айтылады[2]. Ендеше, қабіріміз пейіш болуы үшін неге 15-20 минуттық намазды көп көреміз? 

Мәселен, адам баласы айдың соңында 150-200 мың теңге жалақы алу үшін, тапжылмай күніне 12 сағат тер төгеді. Әрине, адал жолмен нәпақа табу – сауапты іс. Оған таласымыз жоқ. Нәпақа табу да парыз. Бірақ, неге сол сияқты о дүниедегі азаптан құтылып, мәңгі рақат өмірге қол жеткізу үшін 15-20 минутымызды намазға айырмасқа? Көп пе? Көп емес. Ендеше, 15-20 минуттық намазға неге соншалықты жалқауланамыз?

[1] әл-Һәйсәм: «Мәжмуъуз зәуәид».
[2] Имам Тирмизи: "Сүнән".

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: