Мешітте намазды оқығаннан кейін дұғаны күтпей жұмысымызға кетсек, «Аят-әл Күрси» мен тәсбихтерді жолда оқудың зияны бар ма?
Жұмысы бар адамның дұғаны күтпей кетуі, жолда оқуы жаиз. Зәру жағдай болмайынша дұға мен тәсбихтерді тәрк етпеу керек. "Аят-әл Күрси" мен тәсбихтердің құндылығы көп.
Әййухәл Уәләд Илмихалындағы хадис шәрифте былай делінген: «Бір адам намаздан кейін дереу бір рет Аят-әл Күрсиді оқыса, ол аят Арши а’лаға дейін жетеді және сол жерде тоқтамай әрекетте болып, «Я, Раббым, мені оқыған құлыңды кешір!» дейді. Хақ Тағала мекен мен тараптан пәк болып, «Ей періштелерім, куә болыңдар, намаздан кейін "Аят-әл Күрсиді" оқыған құлымның күнәларын кешірдім» дейді.»
«Намаздан кейін аят-әл күрсиді оқыған адамға әрбір әрпі үшін 40 сауап беріледі.», «Кімде-кім парыз намазын бітірген кезде орнынан тұрмай бір рет "Аят-әл Курсиді" оқып, 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар десе, 99 болады. Бір рет Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуа алә кулли шәйин қадир десе, Хақ Тағала ол адамның күнәларын кешіреді.»
Бір хадис шәрифте де, таң намазын оқып, орнынан тұрмастан және сөйлеместен он рет «Лә илаһә иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһул мулку уә ләһул хамду йухи уә йумит уә һуа алә кулли шәйин қадир» деп оқыған адамның сол күні әртүрлі жамандықтан, шайтанның зиянынан қорғалатындығы және көптеген сауапқа қауышатындығы білдірілген. (Нәсаи)
Алла Тағала кешіретін күнәлар, тек өзі мен құлы арасында болған және тәубесі етілген күнәлар. Құл ақысынан құтылу үшін ақы иесімен халалдасу (кешірімін, разылығын алу) керек.
материал «Намаздан кейінгі тәсбих» кітабынан алынды,
ummet.kz