19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

1.1 Құлшылықтағы негізгі мақсат

Намаз

Адамзаттың өмірі күллі әлемнің жаратушысының разылығы мен махаббатына бөлену бағытында ақиқат іздеу көріністеріне толы. Осы көріністер адамның жаратылысындағы өзгермейтін қасиет. Ол – иман ету мен ғибадат жасау.

Хақ пен ақиқаттан мақрұм қалғандардың бейімін қанағаттандырып, жан рахатына қауышу үшін әлсіз мақлұққа табынуға дейін баратын, ақыл мен қисынға сыймайтын орынсыз әрі ерсі қылықтарға сүрелеген шындық, нағыз табиғи шындық. Негізінде қазіргі таңда да миллиондаған адамдардың өгіз және сол сияқты мақұлықтарды қастерлеп, тәңір тұтуы немесе бұрмаланған діндердегідей қиялдар да жете алмайтын шексіз ұлық, барынша құдіретті Алланы қиялдарына келген пішінге келтіруге тырысу деген антропоморфтік сенімдерге ергендері бәрімізге мәлім жағдай. Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Адамзатты, жындарды тек Маған құл болсын деп қана жараттым» (Зәрият, 51/56) - деп баяндап, адамның Аллаға құл бола алатындай жаратылыс пен қабілетке ие екендігін, сондай-ақ оның құл болуға аса мұқтаж екендігін білдіреді. Өйткені оның жаратылу мақсаты – Аллаға құл болу ғана. Осыған орай адамзат иләһи құдіреттің мың бір нақыштарымен әшекейленген, осы әлемде иләһи өнердің ең биік шыңы болсын деп жаратылған. Бұл жаратылудың табиғи нәтижесі ретінде Раббысын құрметтеп, Оған құлшылық етуге міндеттелген. Сонымен қатар адам баласына берілген бүкіл ерекшеліктер мен мәртебелер осы жауапкершілікті орындауға негізделген. Алла Тағала аят кәримәда былай дейді:

«(Ей, Расулым! Оларға) «Құлшылықтарың мен жалбарынуларың болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын?!» - деп айт!»(Фұрқан, 25/77).
Міне, Алла Тағала бұл аяттағыдай басқа да көптеген аяттарында адам баласының мәңгілік зиянынан құтылу үшін иманнан кейін салих амал иесі болуының қажеттілігін жариялаған.

Шын мәнінде, жаратушы, өмір сыйлаушы және сыйлаған өмірін кері қайтарып алушы (өлтіруші) Алладан басқа ғибадат етілуге лайықты екінші бір тәңір не болмыс жоқ. Үлкен есеп күнінде «не істедіңдер?», «кімге және не үшін ғибадат жасадыңдар?» деген сұрақтар қойылатынын адам баласы есінен еш шығармауы тиіс. Тіпті, бұл дүниеде өмір сүріп жатқанда-ақ «Аллаға табынамын, мен Оның құлымын, ғибадатым да Алла разылығына арналған» деп жүруі керек. Санасындағы бір ғана ой осы болуы тиіс.

 

«Дәлел-дәйектерімен Ислам ғылымхалы» кітабы


Намаз 1.2  Намаздың мәні


Бөлісу: