23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза – жанға азық, тәнге шипа

Ораза – жанға азық, тәнге шипа

Ораза

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ»

«Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»Бақара», 2/183).

Рамазан айында ораза ұстау хижра бойынша екінші жылы Шағбан айында бекітілді. Ораза Алла Тағала мен бұрынғы халықтарға, сондай-ақ, Алла Елшісінің (с.ғ.с) заманында өмір сүрген кітап иелеріне (яһудилер мен христиандар) міндеттелген еді.

Рамазан – Ша­ри­ғат тер­ми­нін­де ора­за – ұс­тауға кү­ші жет­кен адам­ның ниет етіп, екін­ші ша­пақ­тан бас­тап, күн бат­қан­ға дейін ора­за­ны бұ­за­тын нәр­се­лер­ден тыйылуы. Ора­за бел­гі­лі бір уа­қыт ішіп-жеу­ден, нәп­сі қа­лаула­ры­нан сақтану. Мұ­ның па­ры­зы – ішіп-жеу мен құ­мар­лық се­зім­дер­ден сақ­та­ну. Сонымен қатар, оразаның рухани мазмұнына жауапкершілікпен қарау керек – Жаббар Иемізге бойұсыну және оның бұйрықтарын орындау формасы ретінде белгілі бір артықшылықтардан уақытша тиылу. Ораза – бұл диета емес, ең алдымен Құдайға сыйыну және рухты тәрбиелеу.

Біздің денемізде екі компонент бар: физикалық және рухани. Біздің жанымыз Алла Тағала жіберген асыл Құран арқылы қанағат, нәр алады. Мұсылман үшін қасиетті Рамазан айындағыдай рухани және адамгершілік жағынан сусындауға, кемелденуге басқа жақсы уақыт жоқ. Кең мағынада жанның тамағы – зікір, яғни Алланы еске алу. Бұл біздің жан-тәнімізге күш-қуат бере отырып, оны байытады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Иемізді еске алатын және оны есіне түсірмейтін адамның ұқсастықтары тірілер мен өлілердің ұқсастықтары сияқты» - деген. Алла Тағала Құранда құлдарына: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіңдер де, күпірлік етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят).         

Ораза дегеніміз не? Ол не үшін қажет? Ораза кезінде қандай тағам жеуге болады? Мұндай сұрақтарды жиі естиміз, әсіресе Қасиетті Рамазан айы қарсаңында қойыла бастайды. Егер Ораза жайында қысқаша тоқталар болсақ, алдымен ол Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Алла Тағала былай дейді:

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ»

«Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»Бақара», 2/183).

Ауыз бекіту – бұл нәпсіден тыйылу. Ораза ұстау тек тамақпен ғана емес, ой мен ниетке де байланысты. Оразаның екі құрамдас бөлігі бар: дене және рухани. Денсаулығымызға байланысты ораза ұстау біз үшін пайдасы мол, өйткені ол құмарлық пен нәфсімізді жеңуге көмек береді. Бірақ рухани ораза адам үшін өте қажет, сондықтан ораза тек аштық ретінде ұсталған ораза тек ішіп, жемеу болып саналмақ. Көбісі ораза ұстауда алдымен ниет түзеліп Алла разылығы үшін, жаратушы раббымыздың міндеттеген оразасы екенін толық сезінбей, руханилық ораза ұстамайды. Көптеген адамдар тамақ пен сусын ішуден тиылып, бірақ жаман ой, істерден және сөздерден ораза айында тиылмайды. Оған дәлелі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Ораза – бұл жай ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ақиқатында, ораза – бос  сөздер мен жаман сөздерден тыйылу»,

«Ораза ұстау тек ішіп-жеу мен сондай нәрселерден бас тарту емес. Кәміл және сауабы бар ораза пайдасыз сөзден, уақытты босқа өткіузден, өсек-аяң айтудан және нәпсі әммараның бүкіл бейімділіктерінен аулақ болғанда ғана болады. Егер біреуден сөгіс естісең немесе саған надандықпен бір әрекет жасалса өзіңе-өзің: «Сөзсіз, мен оразамын!» деп сабыр ет! (Хаким; Бәйхаки)

Ораза ұстау әсіресе, алғаш рет ораза ұстағалы жатқан адамдарда өзекті мәселе. Шынында да, бірден күнделікті қоғамда жүрген мұндай өмір салтына дайын емес, адамға ораза ұстау кейбір қиындықтарды тудыруы мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе, мешіттерге барғанда көпшілікпен ауыз бекітіп ләззатын сезген адам ораза тұту өміріне қажеттілігін түсінеді. Егер адам дене оразасымен бірге рухани ораза ұстау үшін ниетін түзеп, бар күшін салған кезде түсіне бастайды. Себебі Пайғамбар (с.ғ.с): «Егер адам шынайы иманмен және сауабына жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауих намазын оқыса, шешесінен туған күндегідей күнәсіз болады» деді (Ахмед бин Ханбәл; Нәсәи).

Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа, қуанышқа кенеледі. Бұл сезімнен басқа қандай қуаныш болуы мүмкін! Қиямет күні ұстаған оразасының сыйын алу үшін Алланың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа қол жеткізеді. Осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ораза ұстаған адам үшін екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан кез, екіншісі – Аллаға қауышқан кез» дейді. Бұған қоса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с), «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» Алла тарапынан қабыл болатынын айтқан.

Осы сәтте сіз Иеміздің Өзі барлық күнәларды кешіретінін және шешетінін түсінесіз. Қасиетті Ислам құпияларына кірісе отырып, сіз бұл жерде Иеміздің сізге берген несібесі және рахымы екенін түсіне, күнделікті аш жүріп бір ұрттам судың өзінің дәмі өзгеше көрінері анық. Бірақ бұл қуанышты сезім жан мен жүрекке келуі үшін денемен рухани оған лайықты түрде дайындалу керек.

Құмарлық мен нәпсіге берілген дене жанға, жүректің есіктерін ашуға және мәңгілікке өмір беретін Құдайға жол бермеуге тырысады. Сондықтан ораза ұстау жан мен тәнді тазартқыш.

Рамазан – бізге берілген мүмкіндік. Бір ай бойы шайтан бізге зиян келтіре алмайды, ол шынжырланып, қамалады. Рамазан – адамның жан мен тәні тазаратын уақыт.

Қарлығаш Қажымәлікқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: