27
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Өсімқорлық пайызбен қарыз берудің үкімі

Өсімқорлық пайызбен қарыз берудің үкімі

Пәтуа all

Адамзат қоғамында ғасырлар бойы қордаланған мəселелердің бірі өсімқорлық болса керек. Мұнымен айналысып дəніккендер өзіне кіріптар болғандарды теспей сорып, елдің қақысын қынадай қырып дəулет жинауда. Сол себепті, Алла тағала қанаудың ең оңтайлы тəсілі рибаға Құран кəрімде қатаң тыйым салған. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да бұл мəселені жиі тілге тиек еткен.

Адамзат қоғамының мың сан тетігі өзара байланысқан күрделі механизм іспеттес. Оның тұтас істен шығуына бір тетіктің болмашы ақауы-ақ жеткілікті. Мəселен, өсімқорға əйтеуір бір себептермен күні түскен адам əдетте қарызға белшесінен батады. Одан оңай құтылуға шамасы келмегендіктен, күйгелектеніп темекі тартып, одан қалса «күйінішімді басамын» деген байғұс үмітпен қу арақтың қақпанына қалай түскенін аңдамай қалады. Содан үй ішінің тыныштығы кетеді, ұрыс-керіс, айқай-шу орын алады. Айналып келгенде, сүттей ұйып отырған бір отбасының ойран-асыры шығады. Ал, отбасы қоғамға қаланған бір кірпіш екенін ескерсек, өсімқорлықтың зардабы одан əрі күшіне мінеді. Сондықтан, Алла тағала рибамен айналысқандарға ауыр жаза кескен. Оның есесіне, «қарз хасан», яғни үстемесіз, өсімсіз қарыз беруді құптаған, мұндай игілікті көмек бұл дүние мен арғы дүниеде адамды жақсылыққа жетелейтінін айтып сүйіншілеген.

материал «Ала жіпті аттама» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: