17
Жұма,
Мамыр

һижри

Діни мәселелерге жауапкершілікпен қараудың маңызы

Діни мәселелерге жауапкершілікпен қараудың маңызы

Ислам тарихы

«Алланың қасиетті қылған нәрселерін құрмет тұтып  ұлықтаса, Раббысының алдында өзі үшін қайырлы (іс  істеген) болады»(«Хаж» сүресі, 30-аят).

«Егер  сендер  Аллаға (яғни, Алланың дініне) қолдау көрсетсеңдер, Алла тағала да сендерге жар болып, дұшпанға қарсы тұруларыңа көмектеседі».(«Мұхаммед» сүресі, 7-аят).

Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Бәдри (р.а.): «Бір күні әлдебіреу Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Пәленшенің бізге намазды ұзақ оқытуының  кесірінен таң намазына  бармайтын болдым»,  –  деп  шағымданды. Бұрын-соңды Пайғамбарымыздың (саллаллаһу  аләйһи уә сәлләм) дәл сол күнгідей ашуға булығып тұрып уағыз  айтқанын көрген емеспін. Сонда ол сол уағызда: «Уа,  халайық! Араларыңда халықты діннен бездіретіндер  бар. Қайсыбірің жамағатқа имам болса, намазды созбай  қысқа оқытсын, өйткені оның артында қарт кісілер, жас  балалар және тығыз шаруасы барлар да тұрады», – деп  айтты», – деген (Бұхари, әдәб 75/ахкәм 13; Муслим, саләт 182).

Айша анамыз (р.а.):  «Құрайыш тайпасының белді руының бірі Махзұмнан  шыққан бір әйелдің ұрлық жасағаны құрайштықтарды  қатты толғандырған еді. Сөйтіп олар өзара ақылдасып:  «Оны арашалап алу үшін Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи  уә сәлләм) кім сөйлеседі?» – десті. Сонда базы біреулер:

«Бұл  жөнінде  Алла елшісімен (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) сөйлесуге «Расулланың сүйіктісі» деген атқа ие болған  Усама ибн Зәйдтен өзге кімнің батылы жетеді?» – деді.  Ақырында  Усама  Алла  елшісіне (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) жолығып,  сөйлесті.  Сонда  Пайғамбарымыз (саллаллаһу  аләйһи уә сәлләм): «Алла тағаланың Өзі бекіткен жазалардың  біріне (кесілуге лайық болғанға) ара түспексің бе?» –  деп ашуланды. Содан соң, түрегеліп жамағатқа құтпа оқыды. Құтпасының соңында: «Шынтуайтында, сен-дерден бұрынғы  қауымдардың  түбіне  жеткен  нәрсе,  араларынан текті біреу ұрлық жасаса, оған көз жұмып,  ал бейшара біреу ұрлық қылса, оны бірден (шариғат бойынша) белгіленген жазаға кесетіндіктері еді. Алланың  атымен ант етейін! Тіпті, Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, еш ойланбастан қолын шабар едім», – деп айтты», – деген (Бұхари, худуд 11; Муслим, худуд 8).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: