11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла Тағаладан алыс болатын кісі

Алла Тағаладан алыс болатын кісі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деді: «Алланы еске алудан тыс, орынсыз көп сөйлемеңдер. Өйткені Алланы еске алудан басқа бос сөздер жүректі қарайтады. Адамдардың ішіндегі Алладан ұзақ болатындар тac жүрек адамдар» (Тирмизи, Зүһд 62).

Хадиске түсініктеме:

Әлемдегі барлық нәрсе әрекет етеді. Мәселен, желдің есуі, жаңбырдың жаууы, өсімдіктердің өсіп шығуы. Ал адамзат баласы олай емес. Ол барлық әрекетін өзінің қалауымен және еркіндігімен іске асырады. Адамды ұшар шыңға көтеретін әрі тұңғиыққа түсіретен де оның қалауы мен еркіндігі. Сондықтан нағыз адам болу үшін сөзіміз бен іс-әрекетімізді Құран мен Сүннетке лайықты етуіміз шарт. Адам өмірінде тілдің рөлі ерекше. Адамды уәзір ететін де әрі қарабет қылатын да осы тіл. Дана халқымыздың «Басқа бәле тілден» деген сөзі осыдан қалса керек. Мысалыға, бір сөздің өзі адамның жұмаққа кіруіне немесе тозаққа кіруіне себепші бола алады.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Адам кейде бір сөзді айтып оған мән бермей немқұрайлы қарайды да 70 жыл тозақта болады. Сондай-ақ, немқұрайлы қараған бір сөзі үшін жәннатқа барады».

Тағы бір хадисінде: «Адам әрбір естігенін айтар болса, оған күнә ретінде жеткілікті болады» - дейді.

Сахаба Муаз бин Жәбәл: «Уа, Алланың Елшісі! Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе?» - дегенде, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Адамдардың мұрындарымен сыдырлып тозақта азаптануларының басты себебі, осы тілдің кесірі» - деп жауап берген. Адамдар айтқан сөздерінің себебімен тозақта мәңгі қалуы мүмкін. Оны мәңгілік тозаққа түсіретін нәрсе күпірлік сөз. Күпірлік сөз үш топқа бөлінеді:

1. Куфру-жәһил. Надандықтың кесірінен күпір сөз айтып Аллаға қарсы шығу.
2. Куфру-инади. Исламның хақ дін екендігін біле тұра мойымай қабыл етпеу.
3. Куфру-хукми. Шариғаттағы тыйым салған күпірлікке бой алдыру.

Осылардың алғашқы екеуі адамды имандылықтан шығарады. Соңғысы болса иман келтіргеннен кейін де иманнан шығарады. Үшінші жайт мұсылмандарға тікелей байланысты. Иман нұрына бөленгеннен кейін оны сақтай алмай айырылу өте аянышты жайт. Мұндай жолға түсу көбіне ғапылдықтың салдарынан айтылған сөздердің кесірінен туындайды. Орынсыз көп сөйлейтін адамдар көбінесе жан-жағындағы адамдарды күлдіріп, солардың ықыласына бөленемін деп, аузына келгенін оттап қояды. Сөйтіп, сол жағымсыз сөздердің кесірінен иманы әлсіреп, тіпті иманнан айырылуға дейін барады. Сондықтан бекер әзіл-оспаққа мұқият болу керек. Дін тұрғысынан айтарлықтай әсері болмағанның өзінде, иман жүзді адамның шектен тыс әзілге берілуі дұрыс емес. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.): «Жөнсіз әзілдесуден сақтаныңдар. Өйткені, орынсыз әзіл мүминнің абыройы мен батыл келбетін жұрдай қылады» - деген.

Мұсылманның әзіл айтуына болады бірақ шектен шықпау шартымен. Олай болмаған жағдайда тас жарамын деп бас жарып алуы мүмкін.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: