17
Сенбі, Тамыз

һижри

Идрис (аләиһис сәләм)

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Ол Адам атаның көзі тірісінде дүниеге келген. Адам өзінің мың жылдық ғұмырының, жүз жиырма жылын Идрис пен бірге өткізіп, алтыншы ұрпақтарын көрген.

 

Адам мен Шис бұл дүниемен қоштасқаннан кейін, Алла тағала Идристі пайғамбар етіп таңдап, елшілікті тапсырды. Оған отыз жазба түсірді, ең алғаш киім тігіп киу осы уақыттарда пайда болды. Ибн касир: «Идрис Адам мен Шистен кейінгі алғашқы пайғамбар болды. Сондай-ақ ол қаламмен алғаш жазған»,- деген.[1]

Алла Құранда былайша суреттейді:

«واذكر في الكتاب إدريس إنه كان صديقا نبيا. ورفعناه مكانا عليا»

«(Мұхаммед ) Кітаптағы Идристі (a.c.) еске түсір. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді».[2]

Идрис Шистің шариғатын жалғастырды және оған кейбір нәрселерді қосып , толықтырды.

 



[1] Паығамбарлар қиссасы 44.

[2] Құран Кәрім, Мәриям сүресі 56

Бөлісу: