21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Нұх (аләйһис сәләм)

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Әбу Һурайра Алла одан разы болсын Пайғамбармыз айтады: «Қиямет күні мүміндер жиналып: «Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек» деп, Адамға келіп: «Ей, Адам! Сен – адамзаттың атасысың, Алла сені Өз қолымен жаратты, Өзі саған рух үрледі, періштелерге бұйырып, саған сәжде жасатты және сені жаннатқа орналастырды, бізге Раббымыздың алдында шапағат етпейсің бе? Біздің жағдайымызды көрмейсің бе?» – дейді.

 (Адам): «Раббым қатты ашулы. Мұның алдында бұлай ашуланбаған, бұдан кейін де бұлай ашуланбайды. Мені жемістен қайтарып еді, күнәкарлық істедім. Өзім!... Өзім!... Менен басқаға барыңдар! Нұхқа барыңдар!» – дейді. Адамдар Нұхқа келіп: «Ей, Нұх! Сен – жер бетіне жіберілген әуелгі елшісің, Алла сені шүкір етуші пенде деген, біздің жағдайымызды көрмейсің бе? Бізге Раббымыздың алдында шапағат етпейсің бе?» – дейді» [1], – деген

Барлық пайғамбарлар Нұх сияқты үмбетін пайда әкелетін барша жақсылықтарға бұйырып, зиян келтіретін жамандық атаулыдан қайтарған.

Абдуллаһ ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз сахабаларға дажжал туралы әңгімелей отырып:«Мен сендерді одан сақтандырамын. Барша пайғамбарлар қауымдарын одан сақтандырған. Нұх та қауымын одан сақтандырған»[2], – деп айтқан.

Абдулла ибн Омар жеткізеді Пайғамбарымыз айтады: «Нұх айт күндерін есептемегенде, барлық уақытта ораза тұтатын еді»[3], деген. Алла тағала Құранда былайша суреттейді: «Расында, ол шүкір етуші пенде еді»[4], – деген.

 

 



[1]Әл-Бұхари мен Муслим жеткізген,

[2]Әл-Бұхари риуаят еткен,

[3] Ибн Мәжә

[4]«Нахл», 3 аят.

Бөлісу: