29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Сонда әкетайым жәннатқа кетті ма?..»

Мақалалар
Жарнама

Діни басқарма жанында Қажылық миссиясы жұмыс істейді. Миссия мүшелері қажылық маусымы кезінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл бас мүфти бастамасымен журналистер де қажылыққа барып қайтты. Тілшілер арасында осы жолдардың авторы да болған еді.

 Қажылық деген – тәрбие мектебі ғой, шіркін! Ұзын-сонар кезек, адам кептелісі, күннің аптап ыстығы, тастақ жерде түнеу, ұлы сапарда кездесетін азды-көпті сынақтар – пенденің сабырын шыңдайды, тақуалығын арттырады. Керісінше, Қағбаға деген сағыныш осынау машақаттарға мойымауға тәрбиелейді. Шәй ішпесе басы ауырып, балтыры сыздайтын ақ самайлы әжелер мен ақ жаулықты аналардың, ақсақалдардың бірнеше шақырымды шаршамай бағындырғанын байқап, сауапты амалға асығудың орнына сылтау айтып, себеп іздеген бізге үлкен сабақ болды. Қысқасы, қажылықтан алған әсер көп. Біздің айтайын дегеніміз басқа еді.

Үйге келгенде қызымның қызық әңгімесін естіп, көпке дейін күліп, одан кейін көп ойланып қалған жағдай болды. Үш жасар Зейнептің анасымен болған әңгімесі былай өріліпті.

   Анашым, әкетай қайда? Неге келмей кетті? (Қажылық сапар 20 күнге созылды. Біраз күн көрінбей кеткенім қызымды ойландырса керекА.Қ.)   

       Қажылыққа кеткен.

       Қажылық деген не сонда?

       Меккедегі Қағба туралы кітаптан оқып беріп едім ғой. Есіңде ме?

       Иә.

  Мұсылмандар сол Қағбаны айналып, Алладан: «Денсаулық бер, тамақ бер, киім бер, бөпе бер...» – деп сұрайды. Алла сосын сұраған нәрсені береді.

       А-а-а-а-а! Сонда әкетайым жәннатқа кетті ма? Қашан келеді-і-і-і-і, а?

       ...

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу: