18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Атасының аяғын жуып беретін келіншек

Мақалалар
Жарнама

  Бір жанмен таныс болғаныма қателеспесем бес-алты ай болды. Әке-шешесі жоқ жетім келіншек. Кішкентайынан балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін 18 жасқа толғаннан кейін мемлекеттен үй алып бөлек шығады. Сөйтіп ол жаңадан өмір бастайды.

  Айлар, күндер өте береді, сүйген жары бар. Ол екеуі дүкенде танысады, кейін араласа келе екеуі отау тігуді көздейді. Үйленеді, керемет той жасамаса да, өздеріне шағын отырыс ұйымдастырыпты. Қазір бір кішкентай бөбектері бар. Өздері махаббатымыздың жемісі, Алланың берген сиы деп біледі. Мен ол жанмен бертінде танысып едім. Әлгі келіншектің бауырмашылығы соншалық, күлкісімен іш бауырыңа кіріп кетеді. Мен бұрын соңды естуші едім, бір жанның аурасы мықты болса бүкіл әлемді өзіне тарта алады деп. Қызық, мен ол сөзді енді мойындағандаймын. Үнемі жайдарлы көңіл күйде жүреді, ренжіп қабағын түйіп жүргенін көрмеппін. Бір күні қонаққа шақырып барып едім, қызық бір көрініске тап болдым. Әдеттегіндей шай ішіп отырғанбыз, жұмыстан жолдасы келді, атасы да күзетші боп жұмыс жасайды екен (қанша келіні мен ұлы үйде отыр десе де атасы жұмыс ол менің қаныма сінген жұмыс жасамасам үйде отыра алмаймын деп ренжиді екен). Ол кісі де келді, жайлап аяқ киімін шештіп жатқан «аяғым су болып кетіпті» деп айтқаны сол еді. Әлгі келіншек орнынан атып тұрып, атасының аяғына жармасты. Қолдарымен ұстап, су екенін сезді-ау деймін, жылап жіберді: «әке мұныңыз не? аяғыңыз малмандай су болғанша жүргеніңіз не? Бүгін аяғыңыздан су өтсе, ертең беліңіз аурады, ертең беліңіз ауырса жүре алмай төсек тартып қаласыз. Құрсын мұндай жұмысыңыз, сіздің ақшаңыз емес, денсаулығыңыз қымбат», - деп еңіреген күйі. Атасы жұбатып «әлек, балам-ау, мен Аликошымды (немересін солай еркелетеді) үйлендірмей өлмеймін» деп. Мұндай көріністі көремін деп үш ұйықтасам да ойламаппын. Иә, естігем, атасы мен келіні жақын болады деп. Бірақ соншалықты деп ойламаппын. Атасының шәйін беріп, аяғын ыстық суға салып, төсегіне жатқызды. Біз әлі үстел басындамыз, шәй ішудеміз.  Жолдасы «мен жатайын, ертең жұмыс» деп үстел басынан тұрып кетті. Ар жақтан самбырлаған дауыс естіледі, жақсылап тыңдасақ Аликош атасына ертегі оқып беруде. Мен аң-таң болғанымды жасырмай айтып жатырмын. Ол айтады: «әкемнен басқа жанашырым жоқ, туғалы ана әке қамқорлығына зәрумін, енді әке мейірімін көріп жүргенде жоғалтып алуға қорқамын.... Анам да жоқ (анам деп енесін айтуда), шеше мейірімін көруді бұйырмапты» - деп көзіне жас алып, жылап алды. Менің екі-үш құрбым тұрмыс құрған еді, бірақ ата-енесін мұнша жақсы көреді деп айта алмас едім. Сонда ол келіншектен біздің айырмашылығымыз неде? Біздің ар ұятымыздың төмен болғаны ма?

Жазба vk.com әлеуметтік желісінің

                      "Сырымды саған айтамын"  тобынан алынды.

Бөлісу: