23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Ең үлкен күнәлардың қатарына кіретін қылмыс

Мақалалар
Жарнама

Алла Тағаланың берген өміріне риза болмау, өзінің өмірін  қысқарту – ауыр күнә. Тіршілік дүниесінде адам баласының ортақ қасиеттерінің бірі бақытты болуды армандайтындығы. Бұл дүние адам баласы үшін сынақ ретінде берілген. Қиыншылыққа сабыр ете білу  керек. Кейде адам баласы бұл сынаққа шыдай алмай, қиыншылықтан мәңгі құтылу үшін өз-өзіне қол жұмсау арқылы тыныштық табамын деп ойлайды, алайда бұл әсте қате пікір. Себебі, ол Алла Тағаланың алдына барған кезде ең ауыр азапқа душар болатынынан бейхабар.

Расында ең үлкен күнәлардың қатарына кіретін қылмыс – өз-өзіне қол жұмсау. Өзіне қол жұмсаудың қайсы түрі болмасын ол үлкен күнә болып табылады. Алла Тағала берген нығметке қиянат жасау – харам. Жаратқан иеміз пенделеріне өмірді, ризықты өлшеп берген соң, адам оны дұрыс, оңтайлы және толық пайдалануы тиіс. Ал, кейбір өткінші қиындықтарға шыдамай, өзіне нәсіп етілген нығметке разы болмай, одан бас тарту, ол да өз алдына үлкен күнә саналады. Алла Тағала пендесін сынау үшін оған жан бітіріп, оны дүниеге бір мәрте ғана жіберді. Сондықтан қандай қасірет, қиындық болмасын оның сынақ екенін түсініп, оны сабырмен қабылдау керек. Бұл жөнінде Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрімде:

وَلَاتَقْتُلُواأَنفُسَكُمْ ۚ إِنَّاللَّهَكَانَبِكُمْرَحِيمًاوَمَنيَفْعَلْذَٰلِكَعُدْوَانًاوَظُلْمًافَسَوْفَنُصْلِيهِنَارًا ۚ وَكَانَذَٰلِكَعَلَىاللَّهِيَسِيرًا

 «...Және де өздеріңді өлтірмеңдер. Ақиқатында, Алла сендерге ерекше Мейірімді. Ал, кім осыны дұшпандық және әділетсіздікпен істесе, кейін оны Отта жағамыз. Бұл – Алла үшін жеңіл», – дейді. («Ниса» сүресі, 29-30)

Дінімізде жақсылықтың да, жамандықтың да Алладан екеніне сену – мұсылман болудың негізгі шарттарының бірі. Адам баласы тағдырға сенбесе, қиыншылығына төзбесе мұсылман саналмайды. Сондықтан ауыр, жазылмайтын дертке шалдыққан адам болса да бұл дерттің Алланың оған берген сынағы деп түсінуі қажет. Ал сынақ болса өз алдына қиындық болғанымен, қиындығына қарай күнәлардың кешірілуіне де себеп болады. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифтерінде: «Дерт – күнәға кәффарат болады», – деген.

Яғни, адамның ауыруы, қиналуы Алланың пенделеріне жіберген сынағы. Кімде-кім бұл сынаққа ризашылық танытса, оны абыроймен қабылдап, сейілгенінен кейін шүкірлік етсе, онда ол екі дүниенің жақсылығына бірдей бөленеді. Адамға өмірді тек Алла ғана береді. Оны алу да тек Аллаға тиесілі. Адамның қашан жан тапсыратыны алдын-ала пешенесіне жазылған. «Жазмыштан озмыш жоқ» дегенде атамыз қазақ осыны меңзеп айтса керек.

«Шейх Кунтақажы» мешітінің наиб имамы Ережепов С.А.

ummet.kz

Бөлісу: