Меню

01
Сейсенбі,
Сәуір
3
Шәууәл
1446 һижри

Имам Марқозы

Имам Марқозы

Көктонды атаның шын есімі туралы ел ішінде екі түрлі пікір бар. Бірі – Имам Марқозы (Марғұзи, Мерғазы, Мәруази). Екіншісі – Баба Машин.

Қазақ қозғалысының қайраткері Шәйке молда

Қазақ қозғалысының қайраткері Шәйке молда

ХХ ғасырдың басында қазақ азаттық қозғалысы жаңаша тұтанып, империядағы революциялық қозғалыспен астаса, тез өрістеді. Оның бастауында діни қызметшілер тұрды. Солардың бірі әрі бірегейі Шәймерден Қосшығұлов еді. Оның азан шақырып қойылған есімі Шаһмардан болса керек, ел арасында құрметпен Шәйке молда деп аталады екен. Орыс дереккөздерінде Кощегулов (Кочегулов) Шаймардан түрінде таңбаланған. Шәймерденді кезінде Ақмола облысының сайлаушылары Ресей империясында революция толқынымен шаңырақ көтерген Мемлекеттік думаның алғашқы екі шақырылымына да депутат етіп сайлаған. Яғни ол қазақ қауымына танымал қоғам қайраткері болған-ды.

Тұңғыш дипломат – Нәзір Төреқұлов

Тұңғыш дипломат – Нәзір Төреқұлов

КСРО дипломатиясының негізін қалаушылардың бірі, 1928-1936 жылдардағы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі, қазақтың тұңғыш дипломаты Нәзір Төреқұловтың өмірі мен атқарған қызметі жайынан аз-кем баян етпекпіз.

Сәдуақас қажы Ғылмани өлеңдеріндегі діни мәтіндер

Сәдуақас қажы Ғылмани өлеңдеріндегі діни мәтіндер

Көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, хадисші Сәдуақас қажы Ғылмани ХХ ғасырда өмір сүрген дара тұлға. Дегенмен, сол кездегі солақай саясаттың ықпалымен қуғын-сүргін көріп, еңбектері жарыққа шықпай қалды.

Абайдың алғашқы кеші қалай өтті?

Абайдың алғашқы кеші қалай өтті?

Елордадағы мемлекеттік опера және балет театрында қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Енді мерейтой аясында еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде осындай мерекелік шаралар жалғасады. Осы жерде сауал туады. Абайдың ең алғашқы кеші қалай өтіп еді?

Қалжаннан қалған қазына

Қалжаннан қалған қазына

Арғы-бергі тарихта төрт астана бой көтерген Сыр бойында көне­нің көзіндей, данагөй дәуірлер сөзіндей ескіден жеткен ескерткіштер аз емес. Соның бірі – Сырдария ауданы аума­ғындағы Қалжан ахун мешіт-медресесі. Соңғы жылдары рес­тав­рация жасалып, ежелгі бейнесін қайта тапқандай болған ке­шен­нің аумағы кеңейіп, туристік нысан ретінде маңызы жоғарылай түсті.

Оны тарих мойындаған

Оны тарих мойындаған

Алуан қырлы гауһардай шапақ атып, әрқайсымыздың жан-жүрегімізде жақсылық, ізгілік нұрын сепкен Әлихан Бөкейханов тұлғасы – мәңгілік. Әлихан кезінде қазақ халкының көрнекті көшбасшысы, ғалым, кайраткер, ұлтазаттық қозғалысының көсемі, тұңғыш Абайтанушы, Абайды алғаш рет Ресейге, кейін Еуропа халқына танытқан жазушы, аудармашы, тұңғыш энциклопедист, сыншы.

Шариғатты өлеңмен насихаттаған ғұлама

Шариғатты өлеңмен насихаттаған ғұлама

Пайғамбарымыздан ﷺ бастау алатын үмбеттің қамы әр дәуірдегі Ислам ғұламаларының бәрінің дерлік басынан өтті. Олар үшін қара бастың қамынан көрі үмбеттің жәй-күйі, болашағы, Алла алдындағы міндеті көбірек толғандырды. Пайғамбарлықтың 23 жылдық міндетін жаратушы Хақты разы еткен халде толық атқарып, соңғы тұрағына аттанып бара жатқан ардақты Eлшінің ﷺ соңғы сөзі «Үмбетімнің ендігі халі не болар екен?» деп қамығумен үзілген болса, сол үмбеттен шыққан саңлақ сахабалар мен ғұлама ғалымдар және Құдай сүйген құлдардың да бар ынта-жігері, күш-қайраты, таланты мен тағылымы тек Ислам үмбетінің қам-харекетіне арналды.

Маңғыстау кеніштерінің геологиялық картасын жасаған дін қайраткері

Маңғыстау кеніштерінің геологиялық картасын жасаған дін қайраткері

Тарих қатпарында ұлты үшін басын бәйгеге тіккен арыстар аз болмаған. Олардың бірін танысақ, бірін тани бермейміз. Елі үшін аянбаған талай ердің артында қалған еңбегін саралар болсақ бір емес, бірнеше өмірге сыйғызарлықтай.

Абыз ақсақалдың қолжазбасы хақында

Абыз ақсақалдың қолжазбасы хақында

Қазақтың баябан даласы данагөй абыз ақсақалдар мен ғұлама данышпандардан құралақан болған емес. Солардың бірі – тағдыры қысым мен қыспаққа толы Кеңестік кезеңге тура келсе де, ата дініміздің арда құндылықтарын өз буынына насихаттап қалуды парыз тұтқан Арқаның абыз ақсақалы – Сәдуақас қажы Ғылмани.