Жәнібек қайтыс болғаннан кейін 2001 жылы естеліктер жинағы шықты. Оны құрастырған – Тұрсын Жұртбай мен жолдасы Тоты.
Маңғыстау кеніштерінің геологиялық картасын жасаған дін қайраткері
Тарих қатпарында ұлты үшін басын бәйгеге тіккен арыстар аз болмаған. Олардың бірін танысақ, бірін тани бермейміз. Елі үшін аянбаған талай ердің артында қалған еңбегін саралар болсақ бір емес, бірнеше өмірге сыйғызарлықтай.
Абыз ақсақалдың қолжазбасы хақында
Құнанбай салдырған медресе
Аруағыңнан айналайын Құнанбай қажының Қарқаралыда мешіт, Меккеде Тәкие салдырғанын дүйім жұрт тегіс білсе керек. Бірақ, Құнекеңнің медресе салдырғанын біреу білсе, біреу білмес.
Сөзді сына, бірақ сөйлеушіні құрметте
Имам Шафиғи шәкірті Юнус бин Абдағлә екеуі ғылыми бір мәселеде пікірталасқа барады. Екеуі де өз ұстанымдарын дәлелдемек болып біраз жерге дейін тартысады.
Абайдың һижреті мен жиһады
Жатқан жері бейіш болғыр Абай атамның іші толған кеніш, кеудесі кенен болғанын уақыт өткен сайын сезіне түсесің. Жіті назар салып, жиі үңілген кісі қоғамды мазалаған әр ненің жауабын тауып, өз өміріне баһра алады екен.
Ұядан діни тәрбие алған Бауыржан Момышұлы
Баукең ержүректігі тұрғысынан кешегі ел қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлардың заңды жалғасы секілді. Ал шыншылдығы мен ақиқатты ту еткен адалдығы, әділдігі тұрғысынан мұсылмандардың екінші халифі әділетті Омар ибн Хаттабқа (р.а.) ұқсайды. Артында “Өтіріктің балын жеп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық” деген қанатты сөздерді айтып қана кетпей, оны өз өмірінің қағидасына айналдырған батыр Бауыржанға мұндай ар ілімі қайдан келді, кімнен сіңді?
"Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі" – Шал ақын
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) 1748 жылы Көкшетау жерінде (Ақмола облысының, Азат темiр жол станциясының маңында) дүниеге келген. Ақынның ес біліп, есейген өңірі — қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы. Әкесі – орта жүздің қолбасшысы, Абылай ханның жақын серігі болған, қазақ-қалмақ соғысына қатысқан атақты батырлардың бірі – Құлеке Тәңiрбердiұлы. Ал, анасы – үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы.
Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?
Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісіндегі билер жүйесі, оның мәдениеті, әдеп-тәртібі, өнегесі ерекше құбылыс. Ежелден қалыптасқан бұл жүйе ұлы далада биік шыңға көтерілді. Міне, биыл тарихи тұлға Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың 350 жылдық мерейтойы елімізде халықаралық деңгейде тойланып жатыр. Назарларыңызға Қазыбек бидің шешендік өнерінен ел аузындағы мына тапқырлық өнегесін ұсынамыз.
Жыр алыбы - Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген.
Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды.Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен.