Айша-бибі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) – Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
Көк түрктің көк семсері
Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) – Екінші Шығыс Түрк қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түрктің көк семсері» атанған атақты батыры.
Дала кемеңгері - Білге Тоныкөк
Тоныкөк (Тоңұқық) – Екінші Түрк қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түрк қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түрк елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.
Ұлы дала иесі - Бумын қаған
Бумын қаған – түріктердің өздері «Мәңгілік ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түрк еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түрк елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы – ұлы йабғу (да-иеху). Оған ол түрк елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Даңқты қолбасшы - Еділ қаған
Мыңзықұлы Еділ (Атилла) қаған (410-453) – батыстағы Ғұн (сиуңну) қағандығының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды.
Ақылы асқан дана - Мөде қаған
Тумәнұлы Мүде қаған (ж.ж.д. 228-174) – Сиуңну (Ғұн) империясының негізін қалаушы, жеке тағдыры қызық та қасіретті оқиғаларға толы, қаталдығы мен даналығы қабат өріліп жатқан күрделі тарихи тұлға.
Қайсар мінезді - Тұмар ханша
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.д. 570-520) – күнгей түркі, сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.