29
Жұма,
Наурыз

һижри

Зина жазасын жүзеге асыру шарттары

Зина жазасын жүзеге асыру шарттары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Шариғатта зина жасаған кісі Құран тілімен айтқанда «зинақор» деп аталады. Енді зина етушінің ақыреттік жағдайы да жақсы болмайтынын ұмытпауымыз керек. Алланың харам еткен амалын жасаған пенде оның жазасын алары сөзсіз. 

Зина жазасын жүзеге асыру шарттары қандай?

1. Ислам мемлекетінің болуы. Исламдағы  қатаң  жазалар  Ислам  елі  саналған жерлерде  жасалған  кезде  іске  асырылады.  Бұл  туралы  Ислам  мүштәһидтерінің  ауызбірлігі  бар.  Өйткені Пайғамбарымыздың  заманында  оның  рұқсатынсыз ешқандай қатаң жазалар жасалмаған. Халифалар кезеңінде де рұқсатсыз жасалмаған. Бірақ Иемен, Мысыр, Сирия,

Ирақ тәрізді орталықтан алыс жерлерде әкім мен қазылар қатаң жазаларды орталықтан алған уәкілдіктері арқылы жасаған.  Сот  ісінің  жүргізілу  тәртібі  тарапсыз  бір мансаптың ортаға кіріп, қазылық рөл ойнауы және берілетін жазаны іске асыру ұстанымына сүйенеді. Шағымданушы айыпталушыны кінәлап, өзі үкім шығарып жазаны тікелей өзі, яки оны жақтаушылар арқылы жасалатын болса (яғни Ислам мемлекетінің жоқтығын пайдаланып яки

Ислам мемлекетінде жасырып) бұл іс-әрекет зұлымдық және әділетсіздік саналып, Ислам мемлекетінің билігін жеке басына пайдаланып, заңға қол сұғып заңсыз әрекет жасағаны үшін екі дүниеде де жауапқа тартылады.

2. Рәжмді жүзеге асыруда алдымен куәлардың бастауы. Бойдақтардың зина жазасы болған дүреде куәлардың алдымен бастауы шарт емес. Өйткені олар дүрені қалай соғатынын білмеуі мүмкін. Тасборанда алдымен куәлар бастап, одан кейін олар жаза толық аяқталғанға дейін сол жерде болулары шарт.

Бұл жағдай соңғы сәтке дейін жазаны тоқтатуға берілген мүмкіндік үшін. Куәгерлердің қандай да бір күмәні болса, өз куәгерлігінен бас тарта алады. Бұл қатаң жазаны тоқтатады.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: