19
Жұма,
Сәуір

һижри

Тұрмысқа шығудың «плюстары»

Тұрмысқа шығудың «плюстары»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Тұрмысқа шығудың жақсы жақтары, ол:

- Бұрынғыдай бәрін “өзім білемінге” салып кетпейсің, істейтін ісіңді ақылдасатын, ескертетін адамың болады. Мұның бір жақсы жері, қателесуің азаяды. (“келісіп пішкен тон келте болмайды”)

- Енді бұрынғыдай жұмыс істемесең де болады)

Күйеуіңнің миын жесең де аш қалмайсың (әзіл ғой әрине)

- Енді сенде сырға болады! Бұрын да болған шығар, бірақ бұл ерекше болмақ.

- Еркелейтін адамың болады.

- Өзіңнің ас бөлмең болады. Ол сенің территорияң, қалай істеймін, не істеймін десең де өз еркің. Байқайсың ба, әр әйелдің ас үйі әртүрлі, ыдыс-аяғы да, қолданатын заттары да, тамақтары да деген сияқты. (сол секілді сенің де ыдыс жуу, тамақ істеу, ыдыс-аяқтарды қолдануға байланысты өз стилің, тәжірибең қалыптасады.

- Бұрынғыдай өтірік шай ішіп жата салу деген жоқ, күнде дұрыстап ыстық тамақ ішесің.

- Гүл алып тұрасың

- Киім таңдап басың қатпайды, таңдап беретін, көмектесетін адам болады!

- Ана болу бақытына мүмкіндік ашылады

- Бұрынғыдай өзіңнің ғана құрбыларың болмайды, енді араласатын ортаң, ортақ жанұялық достарың көбейе түседі.

- Ата-анаң екеу болады.

- Қонаққа жалғыз бармайсың, қол ұстасып бірге барып келесің.

- Бұрынғыдай “баламды қарап берші”, “үй тазалауға көмектесіп кетші”, “қонақ шақырып жатырмын, көмекке келе аласың ба?” деген сияқты өтініштер азаяды)

- Қыз балаға көбінесе көңіл бөлу (внимание) жетіспейді. Ал тұрмысқа шыққаннан бастап күйеуіңнің бар ойы сенде болады. Сен назардасың!

- Басыңа іс түссе бұрынғыдай бір өзің емес, екеулеп көтересіңдер. Жаныңда ылғи сенімді досың болады.

- Шаршап қалсаң, оның иығына басыңды қойып демаласың.

- Ақша, тамақ табу деген секілді проблемларды уайымдамайсың. Оның жауапкершілігін арқалаған өз иесі бар. Тек сен оған сенім артасың, қолдау білдіресің. Ең бастысы, жаның мен жүрегіңе тыныштық орнайды.

Алла тағала әрбір моншақтыға өз бақытын табуды нәсіп етсін!

ummet.kz

Бөлісу: