26
Жұма,
Сәуір

һижри

Баланы таяқпен тәрбиелеу дұрыс па?

Баланы таяқпен тәрбиелеу дұрыс па?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ең алдымен, айта кететін жайт, бала – Алланың берген аманаты және өз бойымыздан бөлініп шыққан баға жетпес дәнек. Сезімді бағалайтын адамдар үшін отбасының ең бақытты әуені, жаңа туған балалардың көңілдерге рахат сыйлар үндерінен басталады. Хадис шәрифтерде баян етілгендей балалар – «Жәннат шешектері», «жүректің жемістері», «Алланың сыйға тартқан ризықтары».

Сондықтан балаларды Раббымыздың ең көркем нығметі деп білуіміз керек. Олардың жарқыраған күлкілері Жәннаттың жарық сәулелерін еске салады. Ана үшін ең жақсы міндет – оны бағумен айналысу, тәрбие беру, қоғамға сый етіп тарту ету. Өйткені ана жүрегі балаға тәрбие мен білім беретін тұңғыш мектеп. Еңбектеніп өсірілген салихалы перзент ақыретте ата-анасы мен жәһаннам арасында бөгет пердесі болады. Балалардың көркем қылықтарын бағалап, сыйлықпен марапаттап отыру керек. Ал, қателіктеріне кешірімді болу керек. Өйткені олардың жақсы істері сыйлықтармен марапатталса, ол істері естерінде қалып, мінездеріне орнығады. Сонымен қатар, уақытында ескерту жасалмаған жаман қылықтары қайталанып, баланың мінез ерекшелігінің ажырмас бөлігіне айналуы мүмкін. Сондықтан, әсіресе қыз балалардың кіші жастағы орынсыз және жағымсыз киінуіне жол бермеу керек. Өйткені адамның үйренісіп кеткен нәрселері уақыт өте келе адамды өзіне бағынышты, тәуелді халіне келтіреді.

Ал, тіл алмаған баланы таяқпен тәрбиелеу дұрыс па? Жиі жазалаймын деп жүріп, баланы арсыз етіп те алмау керек. Мысалы, табақ, тәрелке сындырып қойса, ұрыспау керек. Жәй  ғана ескерту жасау керек. Өйткені мұндай қателіктерді өзіміз де жасайтын кездеріміз болады. Мұндай жағдайларда ұрыс естіген бала өзін әлсіз болғандықтан кінәлімін деп ойлайды.

Өйткені дәл сондай тәрелкені өзіміз сындырсақ, бізге ешкім ұрыспайды. Бұл өз алдына, ата-ананың айтқан ақылдарын бала теріс қабылдап, өзіне айтылғандарды керісінше істеуге итермелейді. Сондықтан да өте мұқият болып, өзіміз де істемей тұрмайтын кесе сындыру, шәй төгу сияқты кішкентай қателіктер үшін балаға қатты ашуланбауымыз керек. Жұмсақ тілмен жәй ғана ескерту жасаған жеткілікті болады.

Алайда, балалардың мінез-құлықтарына сіңіп кететін қателерге үнсіз қалып, қолпаштамауымыз керек. Бірақ балаға жаза беріп, бір нәрсеге тыйым салатын кезде оның дұрыс емес екенін оған жақсылап ұқтырып істеген дұрыс. Өйткені өз кінәсін қабылдаған бала түзелуге дайын болады. Өз кінәсі мен қатесін оған түсіндірмей тұрып жазалу, түзетуге тырысу еш нәтиже бермеуі мүмкін. Өйткені қатесін түсінбеген бала, керісінше, әке-шешесін кінәлап, өзінікі дұрыс деп ойлағандықтан одан әрі қырсығуы мүмкін. Сондықтан да: Бұйрық беріп, тыйым салатын немесе бір нәрсе үйрететін кезде олар түсінетіндей етіп себебін түсіндіру керек.

материал «Дүниедегі Жәннат – тұғырлы отбасы»

кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: