Ішіңізден «Әрине, оны кім қаламайды?» деп отырған шығарсыз. Бәріміз де баламыз жақсырақ сөйлесе екен дейміз. Олай болса, профессор Фарлейдің сөзіне құлақ түріңіз:
«Егер балаңызды күні бойы теледидардың алдына отырғызып қойып, онымен еш сөйлеспейтін болсаңыз, әрине, баланың сөйлеуі кешеуілдейтін болады.
Сонымен қатар бала психологиясының майталман маманы профессор Лаллери Ферсонның 2000 балаға жүргізген зерттеуі бойынша бір жасар бала орташа есеппен 50 шақты сөз сөйлейді екен, ал екі жасар бала болса 50-ден 600-ге дейін сөз біле алады екен.
Ос зерттеуге қатысты балалардың жанұяларына кішігірім зерттеу жүргізілгенде, сөз байлығы көп балалар көбіне іке-шешесі балаға өте жақын, баламен көп сөйлесетін отбасылар болғандығы анықталған.
Нәресте шыр етіәп, жарық дүниеге келгеннен бастап-ақ елдің өзімен сөйлескенін қалайды. Зерттеулер бойынша жаңа туылған сәбимен қанша «сөйлесіп» неғұрлым оған ыңылдап ән айтқан сайын оның болашақта соғұрлым өте сезімтал жан болатындығы дәлелденген.
Ата-ана ретінде біздер баламыздың сөйлеуіне барынша жағдай жасап, күнбе-күн арнайы уақыт бөлуіміз керек. Баламен өзің қатарлы үлкен кісіше тең дәрежеде сөйлесе білгенде ғана оның сөз байлығы дамитындығын ұмытпаған жөн.
Бұның тағы бір жолы – баланың емін-еркін сұрақ сұрауына жағдай жасау. Бала сұрақ сұраған сайын оның түсініксіз көрінген көңіліндегі шырмаулар тарқатылады. Бала өскен сайын оның айналаға, қоршаған ортаға деген таңырқаушылығы мен қызығушылығы да арта түседі. Нені көрсе де сұрағысы келеді, неге болса да құмарлығы ерекше болады. Бұндай кезде баланың қойған сұрақтарына ашуланбай, қайта дұрыс, оңды жауап бере білген жөн. Маңайында өзімен сөйлесетіндердің саны көп болған сайын бала да, соғұрлым тез сөйлеп, көп нәрсе үйренеді.
Бір жазушының әңгімесі:
Шешемнің бірге туған бауырларының бәрі қыз, еш ұл болмапты. Біздің әулеттің тұңғыш еркек кіндікті немересі мен болғандықтан, атам, апам дейсің бе, әйтеуір мені жақсы көрмейтін адам болмапты. Қолдан-қолға түсірмей көп сөйлесе бергендіктен болар менің де тілім өте ерте шығыпты.
Баланың ұғымы мен түсінік-пайымындағы нәрселер я болмаса мағлұматтар неғұрлым анық, тұнық болағн сайын бала да соғұрлым анық, ұғынықты сөйлейді. Біз «Қойшы енді!», «Басымды ауыртып жібердің ғой», «Осы сен-ақ сөйлей бергеннен шаршамайды екенсің» деп, баланаың қасымызға кеп сөйлегенін жақтыртпай, оны әлгідегідей сөздермен тойтарып тастаған сайын, оның түсінігі де бұлыңғыр тартып, айтпақ ойы да түсініксіз болады.
материал «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабынан алынды,
ummet.kz