22
Жұма,
Қараша

һижри

Әйелдермен қол алысып амандасу харам ба?

Әйелдермен қол алысып амандасу харам ба?

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Әйелмен қол алысып амандасу» – ерлі-зайыптылық байланысты бұзатын себептердің бірі. Себебі, біріншіден, харам болса, екіншіден, жамандықтың есігі.

Осы арқылы еркек пен әйелдің денесі бір-біріне тиеді. Еркек пен әйелдің қол алысып амандасуының харам екендігіне бүкіл ғұламалар бірауыздан келіскен. Егер олай болмағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла Тағалаға серік қоспау, ұрлық пен зина жасамау, балаларын өлтірмеу, нақақтан жала жаппау, Алланың елшісіне қарсы шықпау туралы ант берiп, қол тапсырған еркектердің қолын алғандай, әйелдердің де қолын алар еді. Бірақ Алланың елшісі әйелдерден сөзбен ғана ант алған.

Айша анамыз айтқанындай, ол кісінің қолы бөгде әйелдің қолына ешқашан тимеген. Алла елшісі (с.а.с.): «Мен әйелдермен қол
алысып амандаспаймын», – деген.

Бiр қызығы, Әбу Ханифа мазһабында: «Ер кісінiң қолы бөгде әйелге тиіп кетсе, бұл дәретті бұзбайды», – делінгенін пайдаланған кейбір кісілерде олармен қол алысуға болады деген қате пікір қалыптасқан. Бірақ мұнда дәреттің бұзылу, бұзылмауының еш қатысы жоқ. Имам Әбу Ханифаның (Алла оған рақым етсін) «бөгде әйелдің денесіне қол тиюі дәретті бұзбайды» дегенін әйел затын ұстай беруге болады дегені деп
түсінуге болмайды. Ұстау мен дәреттің бұзылуы өз алдына қатыссыз екі мәселе. Мәселен, мұны бейнелi түрде ұрлыққа ұқсатуға болады. Егер дәреті бар адам бір затты ұрласа, ұрлығы себепті дәрет бұзылмайды. Бірақ ұрлық күнә күйінде қала береді.

Ислами мінез-құлықтарға қайшы, кәпірлердің іс-әрекетіне сай тәрбиеленген көптеген еркектер мен әйелдер амандасқанда бірбірлерінің беттерінен сүюдi әдетке айналдырғанын бiзге Батыстан енген әдепсіз әдеттердің қатарына жатқызуға болады.

материал «Жұбайлар шаттығы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: