20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Күйеуге дұрыс бағыну үшін де ілім керек

Күйеуге дұрыс бағыну үшін де ілім керек

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қазір тұрмыс құрмаған көп намазхан орамалды қыздар, мейлі медреседегі талабалар болсын, мейлі жай мешіттен сауат ашып жүрген қыздар болсын, қари, хафызға не шейхқа тұрмысқа шыққысы келеді.

Мұндағы мақсат – ертең күйеуі алған ілімін әйеліне де үйретеді деп ойлайды. «Күйеуім ілімді болғанын қалаймын, ертең маған да үйретеді» немесе «Күйеуім өзім үйретіп аламын деп айтты» деп жүрген қыздар өте көп. Сондай ойда жүрген ханшайымдарға айтар әпкеміздің насихаты: ілімді тұрмыс құрғанға дейін алып алыңыздар!

Күйеуге дұрыс итағат ету, оның ата-анасының қызметін жасау, балаға жақсы тәрбие беру үшін де әжептеуір ілім керек. Сіздердің бұл ойларыңыз құдды «зейнетке шығайын, сосын намаз бастаймын», - деген адамның әңгімесі сияқты.

Некеде бастысы – білім», - деп ойласаңыздар – қателесесіздер. Медреседегі бір ұстазым: «Некеде ең бастысы – үйлесімділік, бір-біріңді түсіну» деп айтушы еді. Тұрмыстық өмір болған соң, әртүрлі жағдай болады, таңнан қара кешке дейін күйеуіңнен ілім үйреніп отыра алмайсың, кейде баланың қажетін таситын да адам керек. Сол үшін, қыздар, ілім үйренуге бүгін мүмкіндігіңіз бар ма, соны дұрыс пайдаланып қалыңыз.

Халал мен харамды ажыратпай жатып, ертең қалай балаларыңызға адал ас бермекшісіз? Тұрмысқа шыққан соң, күйеуіңіз сіздің мешіт-медреселерге барып, ұстаздардан ілім алуыңызға мүмкіндік жасап бере алуы мүмкін немесе таныс әйел ұстаздарды тауып беруі мүмкін. Фиқһтан шамалы халал-харамды үйрететін шығар. Бірақ өзі сізбен отырып араб тілінен, тәпсір, хадис т.б. шариғи ілімдерді үйретуі екіталай.

Жоқ, мен жәй намазымды оқып, біреуге жар болсам болды деп, мүмкіндік бола тұра, білімге селқос қарау – білімге деген үлкен қиянат! Қазіргі таңда кейбір ислами шешімі табылмай жатқан мәселелерде әйелдердің ықпалы көбірек керек. Гай Кавасаки айтады: «Кез-келген мәселені шешуде қиналсаң, үш әйелден кеңес сұра» Ерлер қазір үшін, ал әйелдер келешек үшін жұмыс жасайды. Осы орайда бір оқиға есіме түсіп тұр: Құран жаттап жүрген бала бір күні «әр-Рахман» сүресін жаттап алады. Сөйтіп анасы оған жаттаған сүресін оқып беруін бұйырады. Баласы «фабиаййи аляи Раббикума Туказзибаан» деген аятқа келген сайын, анасы: «сен жаттамағансың және бір нәрсені қайталап айтып жатсың», - дейді. Кейін оның хафиз ағасы үйге қайтып, бұл аяттың сүреде қайталанып келетінін айтпағанда, анасы баласына әлі қаншама рет «жатта» дер еді. Балаға ілімді әкесі не ұстазы үйретеді ғой деп жүріп, осындай жағдай сіздің де басыңызға түспесіне кім кепіл? Қанша жерден ғалым бол, профессор бол, бірақ үйіңдегі бала-шағаңа білім, тәрбие беруге көп ықпалын тигізетін – анасы.

материал «Әйел және ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: