Соңғы бірнеше жылда Жер шапшаң айналған. Ғалымдар мұның нақты себебін анықтай алар емес. Егер бұл құбылыс сақталар болса, онда әлемдік уақыттан бір секундты алып тастауға тура келеді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Осы заманғы озық технология жердің айналу жылдамдығын миллисекундына дейін дәл өлшей алады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, XVIII ғасырдан бері жердің айналу жылдамдығы баяулаған: бір ғасырда тәулік ұзақтығы 1,2 миллисекундқа артқан. Алайда, 2016 жылдан бері жердің айналу жылдамдығы артқан. Содан бері тәуліктің ұзақтығы үш миллисекундқа қысқарған. Ғалымдар жердің айналу жылдамдығын 1962 жылдан бері бақылап, қадағалап келеді. 1967 жылы ғалымдар атом сағатын іске қосқан еді – ол бүкіл әлемдік үйлестірілген уақытты (UTC) өлшеуге арналған. Бұл аралықта мамандар планетарлық уақытты бірнеше рет түзеткен болатын (соңғысы - 2016 жылы) Бұрын атом сағаты планетарлық уақыттан аздап озып кеткен еді, алайда, кейін теңесті десе де болады. Биыл (365 айналады) ең қысқасы болайын деп тұр. Егер бұл тенденция сақталар болса, онда 2026 жылға қарай бұл бағыттағы көрсеткіштер алшақтығы (айырмашылығы) қауіпті деңгейге жақындайды, ғалымдар тәулікті бір секундқа қысқартудан басқа өзге ештеңе істей алмайды. Осы орайда Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаның ﷺ уақыт тез өтпейінше, жылдың айға, айдың аптаға, аптаның күнге, күннің сағатқа татитыны және бұл құбылыс орын алмайынша Ақыреттің келмейтіні жайындағы хадисі барын айта кетпекпіз.
дереккөз: islam.kz