10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Алла Тағалаға мадақ пен шүкіршілік айтудың артықшылығы

Алла Тағалаға мадақ пен шүкіршілік айтудың артықшылығы

Иман келтіру

Мені (әрдайым) естеріңе алыңдар, сонда мен де сендерді есіме аламын. Маған шүкіршілік білдіріңдер, күпірлік қылушы болмаңдар» («Бақара» сүресі, 152-аят). 

«Егер шүкіршілік білдірсеңдер, нығметімді одан сайын арттыра түсемін» («Ибраһим» сүресі, 7-аят).

 Олардың «(жұмақтағы) дұғалары: «Бар мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға ғана тән» – деп аяқталатын болады» («Юунус» сүресі, 10-аят). 

Уа, иман келтіргендер! Алланы жиі еске алыңдар һәм ертелі-кеш пәктеп ұлықтаңдар» («Ахзаб» сүресі, 41-42- аяттар). 

«Расында, жеті қат аспан мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақылды жандар үшін көптеген ғибрат аларлық белгілер бар. Олар тұрып та, отырып та, жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады» («Әли Имран» сүресі, 190-191-аяттар).

Әбу Һурайра (р.а.): «Миғраж түнінде (Жәбірейіл періште) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біреуіне шарап, екіншісіне сүт құйылған екі тостаған ұсынғанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүт құйылған тостағанды таңдады. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.) періште: «Саған жаратылыс мақсатына сай дұрыс таңдау жасатқан Аллаға сансыз мадақ пен шүкіршілік айтамын. Егер шарапты алғаныңда үмбетің арсыздыққа бой алдырып тура жолдан адасар еді», – деп айтты», – деген.(Муслим, иман 272/әшрибә 92). 

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаға «әлхамду лилләһ» деп мадақ пен шүкіршілік айтпай басталған әрбір келелі іс жалғасын таппай берекесі қашады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт, әдәб 18).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: