Тіл арқылы адам иманға келіп, кәлима шәһәдәт айтып, мұсылман болса, сол тіл арқылы оның ластығы себепті күнәға батады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбәрак хадисінде:
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, онда қайырлы сөз айтсын яки үндемесін», – деген. Сол себепті әр мұсылман екі елі ауызға төрт елі қақпақ қоя білген абзал. Өйткені адамның сөйлеу мәнері оның қаншалықты мәдениетті адам екенін көрсетеді.
Тілдің негізгі кесапаттарына, қателіктеріне тоқталар болсақ:
1-кесапат: Аллаға серік қосу;
2-кесапат: Күпірлікпен айыптау;
3-кесапат: Білімсіз адамның дін атынан сөйлеуі;
4-кесапат: Өзіне қатысы жоқ сөзге араласу;
5-кесапат: Сөзді көбейту;
6-кесапат: Күнә амалдармен мақтану;
7-кесапат: Орынсыз сөз таластыру;
8-кесапат: Балағат сөз;
9-кесапат: Қарғыс;
10-кесапат: Өлең, жыр тыңдаудың шегі;
11-кесапат: Әзілдің шегін білмеу;
12-кесапат: Құпияны жария ету;
13-кесапат: Уәдені орындамау;
14-кесапат: Өтірік айту;
15-кесапат: Ғайбат;
16-кесапат: Өсек;
17-кесапат: Мақтаудың шеңбері.
материал «№1 дұшпан (жақсы сөйле немесе үндеме)» кітабынан алынды,
ummet.kz