16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Зекет бермегендердің тартатын жазасы

Зекет бермегендердің тартатын жазасы

Зекет

Алла Тағала: «Алтын-күмістен қазына жинап, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (Қиямет) күні олар (яғни алтын-күмістері) тозақ отына қыздырылып, мұнымен олардың маңдайы, бүйірі және арқасы үтіктеледі де, (оларға): «Міне, мынау – өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның (дәмін) татыңдар» (деп айтылады)» , – деген.

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әрбір алтын-күмістің иесі (алтын-күмісінің) ақысын бермесе, Қиямет күні оған отпен қыздырылған кесектер жапсырылады. Сонымен бірге тозақ отында қыздырылып, онымен жамбасы, маңдайы, арқасы үтіктеледі. Олар (үтіктелген жері) қашан салқындаса, қайта үтіктеледі. Ол мөлшері елу мың жыл болған күні (Алла) пенделеріне үкім бергенге дейін (осылай жалғасады). Сосын жолын көріп, не жәннатқа, не тозаққа (жіберіледі)», – деген. Сонда (сахабалар): «Уа, Алланың елшісі! Түйе ше?» – деп сұрайды. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Түйе иесі одан ақысын бермесе, оған Қиямет күні ең кең бір тегіс жер жайылады да, ол жерге (дүниеде иемденген түйелері) бір ботасы да қалып қоймай, түгелдей жиналады. Сөйтіп, (сол түйелер) оны тұяқтарымен таптап, ауызымен шайнайды. Соңғы түйе өтіп болған соң, ең әуелгісі қайтадан қайтарылады. Ол мөлшері елу мың жыл болған күні (Алла) пенделеріне үкім бергенге дейін (осылай жалғасады). Сосын жолын көріп, не жәннатқа не тозаққа (жіберіледі)», – деді. Сонда (сахабалар): «Уа, Алланың елшісі! Сиыр мен қой ше?» – деп сұрайды. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сиыр мен қой иесі одан ақысын бермесе, оған Қиямет күні тегіс бір жер жайылады да, ол жерге (дүниеде иемденген сиырлары мен қойлары) біреуі де қалып қоймастан, түгелдей жиналады. Олардың ішінде бірде-бір мүйізсізі болмайды. Олар (иесін) мүйіздерімен сүзіп, тұяқтарымен таптайды. Соңғысы өтіп болған соң, ең әуелгісі қайтадан қайтарылады. Ол мөлшері елу мың жыл болған күні (Алла) пенделеріне үкім бергенге дейін (осылай жалғасады).

Сосын жолын көріп, не жәннатқа, не тозаққа (жіберіледі)», – деген.

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.а.с.): «Алла мал-дүние берсе де, зекетін төлемегенге (ол мал-дүние) Қиямет күні көздерінде екі қара дақ бар улы жылан кейпінде келеді де, оны орап алып, жақтарына жабысып: «Мен – сенің мал-дүниеңмін, мен – сенің қазынаңмын» деп айтады», – деді. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сараңдық істегендер есептемесін...» деген аятты оқыған», – дейді.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: