10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қой мен ешкінің зекеті

Зекет

Қырда бағылған қой мен ешкі саны қырық болса, нисап мөлшеріне жеткен болып есептеледі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

في كل أربعين شاة شاة

«Әрбір қырық қойдан бір қой беру парыз,»[1]–дейді.

Әнәс (р.а.) жеткізген тағы бір хадисте: «Әбу Бәкірдің жазған хатында былай деп жазылған деді:

وفي صدقة الغنم في سائمتها إذا كانت أربعين إلى مئة وعشرين شاة.

فإذا زادت على مئة وعشرين ففيها شاتان إلى مئتين؛.

فإذا زادت على مئتين إلى ثلاثمئة؛ ففيها ثلاث شياه.

فإذا زادت على ثلاثمئة،؛ففي كل مئة شاة شاة.

فإذا كانت سائمة الرجل ناقصة من أربعين شاة شاة واحدة؛ فليس فيها صدقة إلا أن يشاء ربها

«Қырда жайылған қой (ешкі) 40-тан 120-ға дейін бір қой, 121-ден 200-ге дейін  екі қой, 201-ден 300-ге дейін үш қой, ал егер 300-ден асса әрбір 100 қой үшін бір қой қосылып отырады. Егер жайылымдағы мал 40-тан аз болса зекет парыз емес, малдың иесі қаласа садақа береді,»[2]–дейді.

Қой мен ешкі бір-біріне қосқанда нисап көлеміне жететін болса, бірге есептеледі және қой мен ешкінің еркегі немесе ұрғашысы деп бөлмегеннен кейін, мұндай айырмашылық жоқ. Мысалы, 35 қой, 5 ешкісі бар адам бір қой, егер ешкісі көп болса бір ешкі беруі–парыз. Қой мен ешкінің саны тең болса, қайсысынан берсе де ерікті. Ылғи ешкі болса зекетіне қой немесе ылғи қой болса зекетіне ешкі берілмейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

و لا يؤخذ في الصذقة هرمة و لا ذات عيب

«Зекет беруші кәрі, бойында кемшілігі бар мал бере алмайды,»[3]деген.

Жоғарыдағы хадиске сүйенсек, зекетке берілетін мал орташа болғаны дұрыс. Өте арық, ақсақ, соқыр, немесе бір жасқа толмаған қозы, немесе лақ зекетке берілмейді. Бірақ малдың төлдері енелік малдармен бірге болса, енелік малдардың қатарына кіріп, зекет малы ретінде есепке алынады.

 

 

[1] Ибн Мажа «Зекет 13»

[2] Абу Дауд «Зекет 4»

[3] Абу Дауд «Сунан 2/8»

 

 

«Ислам ғылымхалы» кітабынан 

Бөлісу: