15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Мына алты ғылымды бойына жинаған адам – мужтәһид

Мына алты ғылымды бойына жинаған адам – мужтәһид

Ислам тарихы

«...Адам төмендегі алты ғылымды өз бойына жинағанда ғана мужтәһид бола алады:

1) Алла Тағаланың Кітабын толық білсе;

2) Пайғамбарымыздың сүннетін толық білсе;

3) Усулул фиқһ білімін білсе;

4) Сәләфус-салихиндардың сөздері, ижмъа және ихтилафтарды білсе;

5) Сөздік білімін жетік білсе ;

6) Қиясты жақсы білсе;

 

Төменде осы шарттар қысқаша айтылды.

1. Бірінші шарт: Алла Тағаланың Кітабы жайлы білімі.

Алла Тағаланың «Кітабы» дегенде, Құран түсінілетіндігі белгілі. Құран исламның негізгі заңы болып саналады. Осы негізгі заңды жақсы білмеген адам мужтәһид бола алмайды. Сондықтан, ондай адам Ислам қоғамында ғалыммын немесе фақиһпын деп айта алмайды.

Негізінде мужтәһид немесе фақиһпын деп айтушы адам Құранда айтылған шариғат үкімдерін, аяттардағы мағыналарды, әрбір сөздің мағынасын жақсы білуі керек. Олардан құралған араб сөйлемдерінің мағынасын, айтылудағы ерекшеліктерін жақсы білуі қажет болады.

Сонымен бірге, тек қана мағынаны біліп қоймай, осы сөздер мен сөйлемдердің шариғи мағыналарын да жетік меңгеруі, олардың себебін және не үшін олардан шариғи үкімдер шығарылып жатқанын білуі талап етіледі.

Сондай-ақ, сөздің айғақтық жақтарын жақсы білсін, айтылу жағынан айғақтап тұр ма немесе, ишара, тұспалдау жағынан ба, айғақтау жағынан ба яки талап жағынан ба? Үкім логикадан алынады ма әлде мән-мағынасынан ба? Сөздің жалпысы бар, арнайысы бар, ортағы бар, дүдәмалы бар, егжей-тегжейлісі бар, біртектесі бар және тағы басқалары бар. Бұлардың барлығын өте жақсы білуі керек.

Үкім аяттары көп емес. Ғибадат жайында келген аяттар, қарым-қатынас жайында келген аяттар, қайғы-қасірет жайында келген аяттар, жазалар жайында келген аяттар және отбасылық жағдайлар туралы келген аяттар сияқты бөлімдерге бөлумен жиынтықтарын оңай біліп алуға болады.

Сонымен қатар, ислам қоғамының өзінен басқа қоғамдармен немесе жалғыз адаммен іште және сыртта жасалатын қарым-қатынастары, байланыстары жайындағы аяттар болады...».

Сонымен, мұсылмандардың фақиһтері Құран мен Сүннетті жан-жақты, терең зерттеп шығып, бұл ізденістерінің жемісін үмбетке өздерінің сабақтары мен кітаптарында оңай жолмен баяндап берді. Мұсылман үмметі мужтаһид фақиһтердің мұндай қызметтерін дұрыс түсінді, әрі оларды өздерінің имамы, яғни жолбасшысы деп мойындады. Аталмыш мужтәһидтердің төртеуінің – Әбу Ханифа, Мәлик, Шафиғи және Ибн Ханбалдың Құран мен Сүннеттен және басқа мойындалған дереккөздерден шариғи үкімдерді шығару жолдары – мәзһабтары мүмин-мұсылмандардың арасында кең тарады. Үмбет ол төртеуін де тең көрді. Аталмыш төрт мәзһабтың ижтихадындағы кейбір ихтилафты өздері үшін Алланың мейірімі деп білді. Осы мәзһабтардың арасындағы кейбір кішігірім ихтилафтарды дұрыс деп бірауыздан келісті, әрі мужтәһидтердің аталмыш ихтилафтары негізінде келіспеушілікті шығаруды харам деп хабарлады. Міне, мың төрт жүз жылға жуық уақыт болыпты, мұсылмандардың басым бөлігі фиқһ мәселелерінде олардың ижтихадтарынан пайдаланып келеді. Оларға дұға етуде.

материал «Ихтилафтар. Себептер. Шешімдер.» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: