19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Мемлекетке төленетін салық зекеттің орнын жаба ма?

Мемлекетке төленетін салық зекеттің орнын жаба ма?

Ислам тарихы

Салық мүлде зекеттің орнын жаппайды. Өйткені зекет – Алла Тағаланың мал нығметіне шүкір етіп, Оған жақындау үшін мұсылманға парыз етілген құлшылық.

Ал салық дегеніміз – құлшылыққа ешқандай қатысы жоқ, адамның мойнына мемлекет тарапынан жүктелген таза материалдық борыш. «Малдарының ең жақсысын алудан сақтан!», – деп ескерткен.

Зекет – Алладан келген ақиқат және нисабы мен берілетін мөлшерін Алла Тағаланың өзі белгілеген. Ал салық адам шығарған заң тарапынан бекітілген азаматтық борыш және оның мөлшері үкімет тарапынан бекітілген.

Зекет Алла Тағала белгілеген сегіз түрлі кісіге ғана үлестірілсе, салық мемлекеттің жалпы талаптарына жұмсалады. Зекет парызын атқару нәтижесінде мұсылман Алла Тағалаға толық бойсұнуды үйреніп, дүние мен ақиреттің, молшылық пен таршылықтың парықтарын сезініп, айналасындағы мұқтажадарға, жесірлер мен жетімдерге қарайласуға ұмтылады.

материал «Зекет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: