19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Ұйықтар алдында оқылатын зікірлер

Ұйықтар алдында оқылатын зікірлер

Ислам тарихы

Ұйықтамақшы болған адам жатарда алдымен «Бисмилләһ» деп айтып, төсекті қағады. (әл-Бұхари)

Екі алақанын біріктіре жайып көкірек тұсына әкеледі де, алақандарына дем салып, кейін «Ықылас», «Фәләқ», «Нас» сүрелерін оқиды. Кейін алақандарымен мүмкіндігінше денесін толық сипайды. Әдетте басы, жүзі, сондай-ақ, денесінің алдыңғы жағынан бастайды (осылай үш рет жасалады). (әл-Бұхари, Муслим) Кейін «Аятул-Күрсиді» оқиды. (әл-Бұхари)

Одан соң «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқиды. (әл-Бұхари, Муслим)

(Әъузу билләһи минәш-шәйтанир-ражим. Бисмилләһир-Рахманир-Рахим). «Әмәнәр-расулу бимә унзилә иләйһи мир-раббиһи уәл-му’минун. Куллун әмәнә билләһи уә мәлә-икәтиһи уә кутубиһи уә русулиһ. Лә нуфәрриқу бәйнә әхәдим-мир-русулиһ. Уә қалу сәмиънә уә әтаънә ғуфранәкә раббәнә уә иләйкәл-мәсыйр. Лә юкәллифул-лаһу нәфсән иллә усъаһә. Ләһә мә кәсәбәт уә ъаләйһә мәктәсәбәт. Раббәнә лә ту-әхизнә иннәсинә әу ахта’нә. Раббәнә уә лә тәхмил ъаләйнә исран кәмә хамәлтәһу ъаләл-ләзинә мин қаблинә. Раббәнә уә лә тухаммилнә мә лә тақатә ләнә биһ. Уәъфу ъаннә уәғфир ләнә уәрхамнә. Әнтә мәуләнә фәнсурнә ъаләл-қаумил-кәфирин».

Мағынасы: (Қуылған шайтаннан Алладан пана сұраймын Аса мейірімді ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын). «Елші өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді және мүміндер де (иман келтірді). Олардың барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бойсұндық. Раббымыз! Сенен кешірім сұраймыз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың», – деді. Алла кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді, істеген жақсылығы өз пайдасына, жамандығы өз зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді жазаламағайсың. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді артпа. Бізді кешір, бізді жарылқа, бізді рақымыңа бөлей гөр! Сен біздің Иемізсің! Бізге кәпір қауымына қарсы жәрдем бер» («Бақара», 285-286).

«Бисмикә Рабби уәдаъту жәнби уә бикә әрфәъуһу фә-ин әмсәктә нәфси фәрхамһә, уә ин әрсәлтәһә фахфәзһә, бимә тәхфәзу биһи ъибәдәкәс-салихин».

Мағынасы: «Уа, Раббым! Сенің есіміңмен (оң) қырыммен жаттым әрі Сенің есіміңмен тұрамын. Егер (менің) жанымды алатын болсаң, оған рақым ете көр. Егер оны (маған) қайтаратын болсаң, оны ізгі пенделеріңді (жамандықтан) сақтағаныңдай сақтай гөр». (әл-Бұхари)

«Аллаһуммә иннәкә халәқтә нәфси уә әнтә тәуәффәһә, ләкә мәмәтуһә уә мәхйәһә, ин әхяитәһә фәхфәзһә уә ин әмәттәһә фәғфир ләһә. Аллаһуммә инни әс-әлукәл-ъафияһ».

Мағынасы: «Уа, Алла! Расында Сен менің жанымды жараттың әрі оны Сен аласың. Оның өлуі мен тірілуі Сенің қолыңда. Егер оған өмір берсең, оны Өзің сақта. Егер оған өлім берсең, оны Өзің кешіре гөр. Уа, Алла! Расында мен Сенен жарылқау сұраймын».

«Аллаһуммә қини ъазәбәкә йәумә тәбъасу ъибәдәк» (3 рет).

Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Пенделеріңді қайта тірілтетін күніңде азабыңнан мені сақтай гөр!» (Әбу Дауд)

«Бисмикәл-лаһуммә әмуту уә әх-йа».

Мағынасы: «Уа, Алла! Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен тірілемін (оянамын)». (әл-Бұхари)

«Субханаллаһ» (33 рет). Мағынасы: «Алла пәк».

«Әл-хәмду лилләһ» (33 рет). Мағынасы: «Барша мақтау Аллаға тән».

«Аллаһу әкбар» (34 рет). Мағынасы: «Алла ұлы».

(Кімде-кім осыны ұйықтар алдында айтса, ол оған бір қызметшіден де қайырлы болады). (әл-Бұхари)

«Аллаһуммә Раббәс-сәмәуәтис-сәбъи, уә Раббәл-ъаршил-ъазыйм, Раббәнә уә Раббә кулли шәй-ин, фәлиқал-хабби уән-нәуә, уә мунзиләт-тәурати уәл-инжили, уәл-фурқан. Әъузу бикә мин шәрри кулли шәй-ин әнтә әхизун бинәсыйятиһ. Аллаһуммә әнтәл-әууәлу фәләйсә қабләкә шәй-ун, уә әнтәл-әхиру фәләйсә бәъдәкә шәй-ун, уә әнтәз-заһиру фәләйсә фәуқакә шәй-ун уә әнтәл-батыйну фәләйсә дунәкә шәй’. Иқдый ъаннәд-дәйнә уә әғнинә минәл-фәқр».

Мағынасы: «Уа, жеті қат көктің Раббысы әрі ұлы аршының Раббысы! Сондай-ақ, біздің және барлық нәрселердің Раббысы, дән мен дәнекті Жарушы, Таурат, Інжіл және Фурқанды (яғни, Құранды) Түсіруші Аллаһ! Қол астыңдағы барлық нәрселердің кесірінен Өзіңнен пана сұраймын. Уа, Алла! Сен Әуелгісің, өйткені Сенен бұрын ешнәрсе болған емес, Сен Ақырғысың, өйткені Сенен кейін ешнәрсе болмайды. Сен әшкере айқынсың. Сенен жоғары ешнәрсе жоқ, Сен Жақынсың, Сенен жақын ешнәрсе жоқ. Бізді қарызымыздан құтқарып әрі бізді кедейліктен (яғни, біреулердің қолына қарап қалуымыздан) сақтағайсың». (Муслим)

«Әл-хамду лилләһил-ләзи әтъамәнә уә сәқанә уә кәфәнә уә әуәнә, фәкәм миммән лә кәфия ләһу уә лә му’уи».

Мағынасы: «Бізді қоректендіріп, сусындандырған, сондай-ақ, бізді сақтап әрі бізге пана болған Аллаға мақтаулар болсын! Өйткені кепіл етушісі мен пана болушысы жоқтар қаншама». (Муслим)

«Аллаһуммә ъалимәл-ғайби уәш-шәһәдәти, фәтыйрас-сәмәуәти уәл-ардый, Раббә кулли шәй-ин уә мәликәһу, әшһәду әллә иләһә иллә әнт. Әъузу бикә мин шәрри нәфси, уә мин шәрриш-шайтани уә ширкиһи, уә ән әқтәрифә ъалә нәфси су-ән әу әжурраһу илә муслим».

Мағынасы: «Жасырын мен әшкерені Білуші, көктер мен жердің Жаратушысы, барлық нәрселердің Раббысы әрі Патшасы болған, уа, Алла! Сенен басқа ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және өз нәпсімнің кесірінен, шайтанның жамандығы мен тұзағынан Өзіңнен пана сұраймын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық жасауымнан Өзіңнен пана сұраймын». (әт-Тирмизи)

«Аллаһуммә әсләмту нәфси иләйкә, уә фәууадту әмри иләйкә, уә уәжжәһту уәжһи иләйкә, уә әлжә’ту заһри иләйкә, рағбәтән уә раһбәтән иләйкә, лә мәлжә-ә уә лә мәнжә минкә иллә иләйкә, әмәнту би китәбикәл-ләзи әнзәлтә, уә би нәбийикәл-ләзи әрсәлт».

Мағынасы: «Уа, Алла! Өзімді Саған бойсұндырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді Саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып, өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабыңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім». (әл-Бұхари) «Сәжде» мен «Мүлік» сүрелерін оқу. (әт-Тирмизи)

материал «Зікірлер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: