01
Жұма,
Қараша

һижри

Әйелдер үй шаруасында Хадиша анамыздан үлгі алсын

Пайғамбарлық келерден бұрын Мұхаммед (с.а.у.) адамдардан оңашалануды жақсы көре бастады. Ол көбіне тыныштық іздеп тауға шығып кететін. Сауданы, үй шаруасын Хадишаға тастап, үйден жиі жырақта жүретін болды. Тіпті апталап, айлап кететін кездері кездесетін. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауға барып ойланатын, құлшылық жасайтын.

Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағаты қандай кісілерге бұйырады?

Шапағат (арабша – шафаат) сөздікте адамдардың арасында туындаған келеңсіз оқиғалар мен ренішті жағдайларда кешірім сұрау мағынасына келеді. Діни терминологияда бұл дүние мен ақыретте қолданылу жағынан екі түрлі мағынаға саяды. Бұл дүниеде шапағат ету – адамдардың бір-біріне жәрдемдесуі, көмектесуі, жақсылық жасауы.

«Нəби» жəне «Расул» ұғымдарының мағынасы

«Нəби» жəне «Расул» ұғымдарының бір-біріне мағыналас сөздер екенін айтушылармен қатар, «Расул» сөзінің ауқымы нəбиден əлдеқайда кең деушілер де бар. Матуридидің пікірінше, «Нəби» Алладан келген ақиқатты адамзатқа жеткізуші, алдыңғы өткен пайғамбарлардың дəстүрін жалғастырушы. Былайша айтқанда, өзіне хас кітап пен шариғат алып келген пайғамбарды «Расул», ал алдыңғы пайғамбардың ізін қуушы пайғамбарды «Нəби» дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) соңғы нəби əрі соңғы расул екені айтылады.

Пайғамбардың (с.ғ.с) намаздың маңызы жайлы айтқан сөздері мен әрекеттері

Әбу Зәрр (р.а) былай әңгімелейді: «Бірде Алланың елшісі түнде тұрып, таң атқанша намаз оқыды. Намазда мына аятты көп оқыды:

Пайғамбардың (с.ғ.с) соңғы тілегі

Халық ақыны Мәшһүр Жүсіптің Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы жазылған «Хаятбақшы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі»  дастандары, «Пайғамбардың ақтық үні»,  «Мұхаммед пайғамбар туралы» өлеңдері – Алла Елшісінің (с.ғ.с) тыныс-тіршілігі, өмірбаяны, жетімдігі мен қиыншылықтары, бақиға аттанардағы көңіл-күйін және оның жанындағылардың хал-ахуалын эпикалық тыныспен жырлаған туындылары бар. Назарларыңызға ақынның «Пайғамбардың (с.ғ.с) соңғы тілегі» атты толғауын ұсынамыз.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) әзәзіл шайтаннан Аллаға сиынуы

Жаратылыстың абзалы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) өмірі мен әрбір іс-әрекеттері үмметінің ғұмырлық қыбланамасы, тыныс-тіршілігі болып табылады.