27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Расулалланың (с.ғ.с) ер жүректілігі мен батырлығы

Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) өзінің ұлы тұлғасына сай ер жүректік пен батырлықтың үлгісі еді (аты затына сай ер жүрек батыр еді).

Алла Елшісінің (с.ғ.с) зікірді аузынан тастамауы

Алла Тағала Құранда: «Олар (мүминдер) тұрса да, отырса да және жантайып жатса да (әрқашан) Алланы зікір етіп естеріне алады», «Қандай керемет адамдар бар – ешқандай сауда-саттық олардың Алланы зікір етулеріне бөгет бола алмайды», - дейді.

Алла Елшісі (с.а.с) уахи періштесінің бейнесін көрген бе?

Иә, Алла расулы уахи періштесі Жәбірейілмен (а.с.) әртүрлі уақыттарда кездескен, бірақ оны Алланың жаратқан бейнесінде екі мәрте көрді. Бірінші рет уахи келгенде, екінші мәрте миғражға көтерілгенде.

Пайғамбардың (с.а.с) ерлі-зайыптыларға қалдырған насихаты

Фатима (р.а.) мен Али үйленгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) үй шаруаларын екеуіне бөліп, үй ішіндегі істерді Фатимаға, ал түздегі істерді Алиге бергендігі риуаят етілген (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/39). Үй сыпырып, су тасығаннан, әсіресе диірмен тартқандықтан Фатима анамыздың қолы жара болған кездері де кездескен (Бұхари, Дағуат 11).

Пайғамбардан (с.а.с.) басқа болашақ жайлы айтатындарға сену дұрыс па?

Болашақты айту жайлы сөз қозғалғанда бірінші кезекте көріпкелдер мен балгерлер ойға түседі. Келешекке байланысты бұлардың айтқандары өтіріктен, ары кетсе болжамнан аса алмайды.

Пайғамбардың (с.а.с.) әрбір сөзін жазып алған сахабалар

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жібермей жазып алатын сахабалардың саны қырыққа жуық еді.

Алла Елшісі (с.а.с) барша адамға ортақ пайғамбар ма?

Құран Кәрім – Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) бар ша адамзатқа ақиқатты танытып, түзу жолға салу үшін, жалған мен ақиқатты айыру үшін, жұртты қараңғылықтан құтқарып, ізгілікке қауыштыру үшін түсірілген Алла Тағаланың баға жетпес құнды сыйы.

Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жындардың да пайғамбары ма?

Алла Елшісінің пайғамбарлығы адамзатпен қоса жындарды да қамтыған. Жаратушы Хақтың бар екеніне адамдардың бірі сеніп, бірі шүбә келтіргені сияқты жындардың да мұсылман-кәпірі бар.

Аллаға сеніп, Пайғамбарға (с.а.с.) сенбеген жан мұсылман болып санала ма?

Пайғамбарымызға (с.а.с.) сену – Исламның алғы шарттарының бірі әрі иман етудің бір бөлшегі.