23
Сенбі,
Қараша

һижри

Алла елшісі неге ﷺ әйелдерімен бір ай сөйлеспеді?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла елшісі елге ешқандай шектеу қоймайтын. Мұсылмандардың жағдайы біршама жақсарды. Жақсы өмір сүруге көп мүмкіндіктер туып, сахабалар өз жағдайларын жақсартып жатты.

Бірақ Пайғамбарымыз өзінің әуелгі қарапайым қалпында өмір сүруін жалғастырды. Әйелдері мемлекет қазынасы байлыққа толды тұрмысымыз дұрысталар деп ойлады. Арасында дәулетті жерден шыққандары да бар еді. Айтқаны екі етілмейтін жерден келіп, Алла елшісініңқарапайым өміріне үйренісуге тырысатын.

Жоқ кездегі жомарттықтары секілді бар кезде таратып мұқтаждардан мол сауап алуды көздеді ма?! Отағасына осы жағдайды айтуға бел буды.

Бұл жағдайды естігенде, Хазіреті Омардың өңі бұзылып кетті. Өйткені қызы Хафса бинту Омарда солардың ішінде еді. Мәселені әлі Алла елшісі естімеген екен, дереу Хафсаға барып, Алла елшісінмеңзеп: «Күйеуіңнен артық нәрсе талап етуші болма! Не керек етсең, менен сұра», -деді. Өзінің даналығымен егер бұндай талап болса әйелдерінің жағдайының қиынға соғатынын білген еді. Шалқып өмір сүру ол шаңыраққа жараспас еді.

Жағдайды досы Әбу Бәкірге айтты. Айша анамыз соның қызы болғандықтан бей жай қарай алмас деп ойлады. Хазіреті Әбу Бәкір ойланбастан жолға шығып, Алла елшісін бетке алды.

Келсе Пайғамбарымызды әйелдері қоршап отыр екен. Барлығы үнсіз. Екеуі болған жайды түсініп, қыздарын жекелеп шақырып алып сөйлесті. Бірақ бұл айтқандарына әйелдері қатты өкінді. Болар іс болды, оқ оқшантайдан шығып кеткен кез еді.

«Ант етеміз енді мұндай талап қоймаймыз. Алла елшісінің қолында жоқ нәрсені сұрамаймыз»[1],- деген еді.

Жұбайларының дүниелік талабына ренжулі күйі есікті жауып шығып кетті. Айша анамыз есік жабылып жатқанад бір ай бойы келмеймін деген дауысты құлағы шалды. Бұл аналарымыздың уайымын арттырды. Айтқанындай күн артынан күн өтіп жатты.

Бұны естіген екіжүзділердің күні туып, Мұхаммед әйелдерімен ажырасыпты деген жалған ақпарат таратты.

Түн ортасында Хазіреті Омардың үйіне көршісі барып, Алла елшісі әйелдерімен ажырасыпты деген хабар жеткізді. Дереу мешітке келсе жамағат мешітте жылап отыр екен. Ол да біраз отырды. Отырғанмен іс бітпейді деп тұрып, Алла елшісінің есігнің алдына келіп кіруге рұқсат сұрады. Қайта аналып үшінші рет келгенде ішке кірді.

-Уа Алланың елшісі әйелдеріңізбен не жағдай болды? Егер бәрімен ажырасытын болсаңыз, күмәнсіз, Алла және Жәбірәйл, Менімен Әбу Бәкір, басқа мүминдерде сізді қолдайды. 

Менің білгім келетіні ажырастыңыз ба жоқ па?, дегенде, Пайғамбарымыз «Жоқ» деді, хазіреті Омардың жүзі бұл-бұл жанды.

Дереу есіктің алдына шығып, «Алла елшісі ажыраспапты!», - деді. Бұл хабар бәрін қуантты.

 


[1] Муслим, Талақ, 29/1478.

 

 

 

«ummet.kz» руханиақпараттық порталы

Бөлісу: