23
Сенбі,
Қараша

һижри

Өзін-өзі Пайғамбар жариялаған Әл-Асуад әл-Анаси

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла Елшісі қоштасу тауапынан кейін қатты сырқаттанып, оның ауырып жатқаны туралы бүкіл араб еліне мәлім болды. Осыны күткендей қара ниет дін дұшпандары өздерін пайғамбар жариялады. Ислам тарихынды өтірікші атымен танылған үштік Мусайлма, әл –Асуад, Тулайха еді.

Иемендік әл-Асуад әл-Анаси бар пәлесі ішінде, қара ниетті, шешен тілді, алып тұлғалы болатын. Сол қасиеттерімен адамдардың миын небір қияли ғажайыптармен алдап, болмаса ақша мансап ұсыну арқылы, өзіне қаратып алады. Әл-Асуадтың жансыздары, барлық жерде оның сөздерін таратып, оның көріпкелдік мұғжизасы бар деп халықты оған жөнелтіп жатты. Сөйтіп бірте-бірте әл-Асуад үлкен ықпалды күшке айналды.

Әл-Асуадтың іс-әрекеті Пайғамбармызға да жетеді. Өзінің он шақты сенімді сахабаларын Иеменге аттандырады. Бұл уақытта Иеменде Алла Елшісінің сахабасы Файруз ад-Дайлами басқарған.

Пайғамбарымыздың шешімін ести сала Файруз былай деді: «Мен және жасақтарым Алла Тағаланың хақ дінінің ақиқаттығына тозаңның түйіріндей күдік келтірмедік»,-деді.

-Оны құртудың жоспарын жасап, біз белгіленген уақытта жолдастарыммен бірге қазатын жерді қазып оның бөлмесін жасырын өтіп, әйелі біздерге әл-Асуадтың жатқан жерін көрсетті. Біз оған барғанда қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан болатын.

Мен тамағын кесіп жібергенде, ышқынып қорылдап, қатты дауыстар шыға бастады, сол кезде күзетшілері оянып, мұнда не болып жатыр деп есік сыртынан айқайлады.

-Әйелі оларға Тынышталыңдар да, тайып тұрыңдар! «оған аян беріліп жатыр»,- деді. Күзетшілер кері қайтты...

Біз сарайда таң атқнаша болып, жұрт ұйқыдан тұрғанда, сарайдың төбесіне шығып:

«Алла Ұлық, Алла Ұлық», «әл-Анаси өтірікші» -дедім. Алдын ала келісілгендей бұл біздің белгі болатын, сарайға мұсылмандар жиналып қалды.

Менің айқайымды естіген күзетшілер маған қарай жүгірді. Екі жақтың арасында соғыс басталып кетті. Мен жерге әл –Анасидің басын тастадым. Мұны көрген Анасидің әскерінің рухы басылып, не істерін білмей қалды.

Жеңіспен сүйінші сұрап, Алла елшісіне хат жолдадық.

Алла елшісі сахабаларына: - Таңда өтірікші әл-Анаси өлтірілді. Оны өлтірген адам «Бата алғандар мекендеген үйден бата алған адам»,-депті.

Уа Алланың елшісі ол кім? Деді сахабалары. 

- Ол, Файруз, жеңіске жетті,-деді.

 

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы.

 

Бөлісу: