23
Сенбі,
Қараша

һижри

Зайд әл-Хайр Алла оған разы болсын (2)

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Исламға дейінгі бейнесін өткен мақаламызда айтқан болатынбыз. Ислам қабылдағаннан кейін қандай болғандығы жөнінде сөз қозғайық.

Зайд әл-Хайрға Пайғамбарымыз туралы хабар жеткенде асықпай танысып, ой елегінен өткізді.

Өз руластарының басты-басты билерін жинап, Алла елшісібетке алды. Мәдинаға келіп, сәйгүліктерін мешіттің қасына байлап, хазіреті Пайғамбарымызға бет түзеді. Осы кезде Алла елшісі мінберде уағыз айтып тұр еді. Олардың келгендерін байқаған Алла елшісі: «Мен сендер үшін әл-Узза және басқа да табынып жүргендеріңнен артықпын... Алла сендердің табынып жүрген қара түйелеріңнен артық»,-деді.

Алла елшісі уағызын бітіргенде Зайд әл-Хайл орнынна тұрып зор дауысымен: «Уа, Мұхаммед, мен Алладан басқа тәңір жоқтығына және сенің Алланың елшісі екендігіне куәлік беремін»,-деп тіл қатты.

Алла Елшісі оған жақындап келіп:

- Сен кім едің?-деп сұрады.

- Мен Мұхалхалұлы Зайд әл-Хайлмын, -деді ол.

Алла Елшісі оған:

- Сен енді Зайд әл-Хайл емес, Зайд әл-Хайрсың. Сені далаңнан мұнда, Исламға жүрегіңді ашып жіберген Аллаға көптеген мақтаулар болсын.

- Иа, Зайд, сенің Аллаға және Оның Елшісіне сүйікті көрінетін екі артықшылығың бар деді.

- Уа, Алланың Елшіс ,ол қандай артықшылықтар?-деді.

- Сабырлылық және парасаттылық, - деп жауап берді Пайғамбарымыз.

- Уа, Алланың Елшісі маған жүз атты әскер берсеңіз, Византиялықтарға қарсы соғысар едім, оларға ойсырата соққы беруге уәде берер едім, - деді.

Зайдтың бұл сөзі хазіреті Пайғамбарымздың ﷺ сенімін ұялатты. Оған қарап:

-Сен қандай жақсы адам едің Зайд! Нағыз ер екенсің!-деп ризалығын білдірді.

Пайғамбарымыз оны еліне қимастықпен шығарып салып тұрып:

- Бұл не деген жақсы адам!? Егер де Мәдинаны жайлаған обадан сақтана алса, біз үшін оның пайдасы зор болар еді!-деді.

- Надандық дәуірінде көптеген ақымақтық жасадық, енді Аллаға ант етемін, онымен жолыққанға дейін мұсыламдарға қол тигізбеймін,-деді Зайд.

Безгек ауыруы жұғып, ажалы жетіп, туған жеріне жақын қалғанда Зайд ибн Хайр қайтыс болады. Ол Исламды қабылдаған соң ақырғы сәтіне дейін бірде –бір күнәлі іске бармаған. 

 

 «ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы.

Бөлісу: