26
Жұма,
Сәуір

һижри

ЛУТ ТЕҢІЗІ

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Лут қауымы оқиғасы Ибраһим пайғамбармыздың көзі тірісінде орын алған. Толық аты-жөні Лут ибн Тарих. Тарих болса ол Ибраһимнің әкесі. Алла тағала Лут жайлы Құранда он төрт сүреде, жиырма төрт орында баяндаған.

Лут Садум елді мекеніне баруға бұйырылады. Садум сол кездегі үлкен керуен сарайы бар, жеті қаладан тұратын орталық аймақ болған. Онда елдің барлығы кәпір болған, әрі олардың ішінде ешбір мүмін болмаған. Бұл жайлы құранда: «Дегенмен ол жерде мұсылмандардан бір үйден басқа таппадық»,-деген(Зәрият, 36). Тек Луттың үйінен екі қызы ғана мұсылман, ал қалғандары тіпті Луттың әйелі де кәпір еді.

Олар шектен шыққан бұзық ел болатын. Бұзақылықтарын әрдайым дамытып отыратын. Бұрын әлемде ешкім істемеген бір жиіркенішті істі ойлап тапты. Алла құранда оны: «Лут сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемде ешкім істемеген бір арсыздақ істейсіңдер ме? Сендер әйелдерді қойып, еркектерге шақуат қоясыңдар ма? Әрине сендер–азғын елсіңдер»,-деді»,-деп(Ағраф,80,81) баян еткен.

Олардың ерлері әйелдермен жыныстық қатынас жасаудан гөрі еркектерді қош көретін. Олар оны ашық істейтін және бір-бірлерінің осылай жасап жатқанын көретін.

Алла тағала бізге бұның ең арсыз қылық екенін ескерткен. Лут болса оларды имандылыққа, жаманшылықтан қайтаруға талмай шақырды.

«Сонда елнің берген жауабы: «Егер шыншыл болсаң, қане, бізге Алланың азабын келтірші»,- дегеннен басқа болмады»(Анкабут,29).

Лут иманға келуден күдер үзген халқына қарсы дұға қылып: «Раббым, мені және отбасымды олардың қылықтарынан құтқар»,-деді(Шұғара,169).

Сонда Алла дұғасын қабыл алып, Жәбрейл, Микаил және Исрафилді жіберді.

Сонымен, періштелер Садум еліне аса сымбатты жігіттер кейпінде келеді. Ауылға кіріп келе жатқанда су әкеле жатқан Луттың қыздары көрді де, адамдардың қылмыс жасауынан қорқып, олардың аялдай тұруын өтінді. Мән жайды әкесіне жеткізді. Сонда Лут: «Сіздерге не керек бұл ауылдан»,-деді.

Олар: Қонақпыз,-деді.

Сөйтіп оларға: «Жүріңдер»,- деді де жол бойы оларға: «Алламен ант етемін бұндай азғын қоғам көрген жоқпын»,-деумен болды.

Луттың үйіне келген де кәпір әйелі жұртқа: «Луттың үйінде өмірде көрмеген көркем жігіттер келді»,-деді. Олар асығып жетіп, есікті қақты. Құранда олардың: «Қаланың халқы қуанысып жетті»,-деген. Арсыздықтары осыншалықты дәрежеде еді! Олар нәпсілеріне еріп, есікті бұзып, кірмекші болды. Қонақтарының жайбарақат отырғанын көріп: «Сендер біз секілді адамдардын емессіңдер»,- деді.

«Олар: «Қорықпа, қайғырма. Расында, біз азапта қалушылардан болтын әйеліңнен басқа, өзіңді және отбасыңды құтқарамыз. Бұл ауыл халқына бұзықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз»,-деді»(Анкабут, 33-34),-дейді сол кезде.

Періштелер: «Таңда Алланың азабы келетінін ескертіп, Лутқа отбасыңмен Садуммнан шығып кет те, артыңа қарама»,-деді.

Алғашқы азап ащы дауыспен басталып, сосын Жәбірейіл қанатының бір шетімен қаланы төңкеріп, аспанға көтерді. Көтерілгені соншалық көктегі періштелер қаладығы тауық пен иттердің даусын естіді делінген.

Сосын аспаннан әрқайсысының аты жазылған тас жаудырылды.

Бұл жайлы құранда: «Оларға әміріміз келген сәтте ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне қыздырылған, Раббыңның құзырында таңбаланған тас жаудырдық. Бұл апат залымдардан ұзақ емес»,-деген(Һуд, 82,83).

Бұл жазаға ұшыраған елдің белгілері ретінде ол жерге ащы тұзды теңіз пайда болды. Қазірге кезде ол теңіз «Лут теңізі» деп аталады. 

ummet.kz-ақпарат

Қолданылған әдебиеттер:

"Құран Кәірім"

"Пайғамбарлар қиссасы"

 

Бөлісу: