24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Ыдырыс ғ.с.

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Тарихшылар Ыдырыс пайғамбардың ғ.с. тегін былай баян еткен: Адамұлы Шис, Шисұлы Ануш, Анушұлы Қинан, Қинанұлы Михләил, Михләилұлы Ярид, Яридұлы Ыдырыс ғ.с.

Адам атаның ғ.с. ұлы Қабыл Әбілді өлтіргеннен кейін Хақ Тағала Адам ғ.с. мен Хауа анаға бір ұл сыйлайды. Осы себептен Адам ғ.с. мен Хауа ана оны «Шис» деп атаған. «Шис» сөзінің сөзбе-сөз аудармасы: Алла Тағаланың сыйы.

Жоғарыда көрсетілген шежіреге сүйенер болсақ, Ыдырыс ғ.с. Адам атаның ғ.с. бесінші буындағы немересі. Сонымен қатар, кейбір тарихшылардың айтуынша, Құранда аталған сабииндер Шистың Саби есімді ұлының жолын ұстанғандар. Осы орында ғалымдар сабииндердің кім болғандығы жайында түрлді көзқараста болғанын айта кеткен жөн. Анығы бір Алла Тағалаға мәлім!

Ыдырыс ғ.с. мәселесіне келер болсақ, Құран ол екі орында зікір етілген.

Алла Тағала айтады:

وَإِسْمَاعِيلَ وَإِدْرِيسَ وَذَا الْكِفْلِ كُلٌّ مِّنَ الصَّابِرِينَ

«Исмаил, Ыдырыс және Зүлкәфилге мәрхамет еткен едік. Олардың барлығы да сабырлы еді».Әнбия», 85 аят)

وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِدْرِيسَ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا وَرَفَعْنَاهُ مَكَانًا عَلِيًّا

«Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыдырыс (Ғ.С.) ды ескер. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді.  Оны жоғары орынға көтердік». («Марйям», 56-57 аят)

Сонымен қатар, Ыдырыс пайғамбар ғ.с. жайында имам Бухари және имам Муслим риуаят еткен хадисте айтылған.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады:

فَأَتَيْنَا السَّمَاءَ الرَّابِعَةَ قِيلَ مَنْ هَذَا قَالَ جِبْرِيلُ قِيلَ مَنْ مَعَكَ قِيلَ مُحَمَّدٌ قِيلَ وَقَدْ أُرْسِلَ إِلَيْهِ قِيلَ نَعَمْ قِيلَ مَرْحَبًا بِهِ وَلَنِعْمَ الْمَجِيءُ جَاءَ فَأَتَيْتُ عَلَى إِدْرِيسَ فَسَلَّمْتُ عَلَيْهِ فَقَالَ مَرْحَبًا بِكَ مِنْ أَخٍ وَنَبِيٍّ

«Біз төртінші қабат аспанға жеткенде: «Бұл кім?»,-деп сұралды.

- Жәбрәил!

- Жаныңда кім бар?

- Мухаммад!

- Оған елші жіберілді ме?

- Иә.

- Ондай болса қош келіпсіңдер! Оның келгені жақсы болды!

Осыдан соң мен Ыдырысқа ғ.с. барып, онымен сәлемдестім. Сонда ол: «Қош келдің, пайғамбар бауырым!»,-деп жауап берді».

 

Кейбір деректерге қарағанда Ыдырыс ғ.с. жер бетінде 82 жыл өмір сүріп, соң төртінші аспанға көтерілген. Дегенмен, бұл мәселеде ғалымдардың арасында ихтиләф бар. Сонымен қатар ғалымдардың арасында Ыдырыстың ғ.с. пайғамбарлық уақыты жайында да түрлі көзқарас бар. Яғни, ғалымдардың бір бөлігі «Ыдырыстың ғ.с. пайғамбарлығы Нухтың ғ.с. пайғамбарлығынан бұрын болды» деген көзқарасты ұстанса, екінші тобы кейін болды деген. Әрі Ыдырыс ғ.с. тігіншілікті кәсміп етіп, инені әр салғанында Алла Тағаланы ұлықтайтын, осы себептен оның заманында одан артық пенде болмайтын болмайтын деген де риуаяттар бар. Анығы бір Алла Тағалаға мәлім!

Бөлісу: