24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Қайырымдылық – исламның қайнар көзі

Мақалалар
Жарнама

Ислам дініндегі басты құндылықтарының бірі – қайырымдылық.

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты жәрдем. Қайырымдылық адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептеледі.

Қасиетті Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» [1] делінген.

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыздың(с.а.у.) Мәдина қаласында бұқара халықтың алдында алғашқы айтқан насихатының бірі де осы қайырымдылық жайында болды. Әбу Сәләма ибн Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) әңгімелейді: Алла елшісі орнынан тұрып, Аллаға шүкіршілік етіп, мадақ айтқаннан кейін:

«Ей, адамдар! Өздерің үшін ақыретке жақсы амалдарды жолдаңдар. Алланың атымен ант етейін, бір күні араларыңыздан біреу қиналып,адам төзгісіз азаппен жан тапсырады. Қора-қора қойы қараусыз қалады. Содан кейін Алла оған ешбір дәнекерсіз былай дейтін болады: Менің жіберген елшім барып сені тура жолға шақырдыма? Саған дүние мүлік бермедімбе? Саған қаншалықжақсылық жасамап па едім?Енді менің құзырыма қандай амалдармен келіп тұрсың?»  Әлгі кісі оң жағына бір сол жағына бір қарап алақтайды. Тұлдыры жоқ тұйық қараңғылықтан өзге түк ілікпеген соң алдына үңілді. Жаһаннамның лаулап жанған отынан басқа ештеңе көрінбейді.

Ей,халайық! Олай болса,барлығыңыз тәніңізді оттан қорғаңыздар. Жарты құрмамен болса да қорғаңыздар. Егер мұныда таппасаңыздар,адамның жанына майдай жағатын,жанын жадырататын сөз айтыңыздар. Өйткені, әрбір жақсы амалдың өтеуі ретінде он, тіптен, жеті жүзге дейін сауап берілетінболады,»–деді [2].

Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда,Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды.[3]» деп баяндалады.

Қадірлі оқырман, жоғарыда көрсетілген Құран аяттары, Пайғамбарымыздың(с.а.у.) сара жолы сүннеті және ата-бабамыздың өсиет етіп кеткен өмір салты біз бенен сіздерге қоғамға пайдасын тигізетін Алланың құлы болуға нұсқайды.Айналамыздағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, екі дүниеде Алланың сүйікті құлы болуымызды лайым баршамызға нәсіп етсін.

Руслан БАЙЗАҚОВ,

«Нұр Астана» орталық

мешітінің наиб имамы

 


[1] Тағабун сүресі 16-18 аят

[2] Сахабалар салған сара жол

[3]Сәбә сүресі 39 аят.

Бөлісу: