28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Әһли сүннет уәл-жамағат жолын ұстанбау – адасу мен азап

Әһли сүннет уәл-жамағат жолын ұстанбау – адасу мен азап

Ақида
Жарнама

Әбу Зәрден (радияллаһу анһу) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа сәлләм): «Кімде-кім жамағаттан бір елі шықса, расында Исламның алқасын мойнынан шешкен болады», - деді» (Бәйһәқи риуаят еткен).

Басқаша айтылатын болса, Исламнан шығады. Сол үшін, барлық мұсылмандар «Әһли сүннет уәл-жамағат» мәзһабынан шетке шықпауы керек.

Омар (радияллаһу анһу) Әл-Жәбияһта хұтба оқып: «Ей, адамдар! Расында мен сендердің араларыңда Расулулла (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) біздің ортамызда тұрғандай тұрмын.

Ол кісі: «Сендерге асхабтарымды өсиет етемін. Сосын олардан кейінгілерді және олардан кейінгілерді. Сосын өтірік тарайды. Тіпті, адамнан ант ету талап етілмесе де, ант ететін, куәлік беру талап етілмесе де, куәлік беретін болады. Естеріңде болсын! Біреу әйелмен оңаша қалса, әлбетте олардың үшіншісі шайтан болады. Жамағатты мықты ұстаңдар. Бөлінуден абай болыңдар. Расында шайтан жалғыз адаммен бірге. Ол екі адамнан аулақ болады. Кім жәннаттың қақ ортасын қаласа, жамағатты мықты ұстасын. Кімді жақсылықтары қуантып, жамандықтары қайғыртса, әне сол мүмин», - деді» (Тирмизи риуаят еткен).

Бұл жерде де мұсылмандарды «Әһли сүннет уәл-жамағат» мәзһабынан ажырамауға үндеп тұр. Мән беретін болсақ, «Жамағатты мықты ұстаңдар» дегенде «Әһли сүннет уәл-жамағат» мәзһабын мықты ұстауға бұйрық бар. «Кім жәннаттың қақ ортасын қаласа, жамағатты мықты ұстасын» дегенде «Әһли сүннет уәл-жамағат»  мәзһабын мықты ұстанғандарға жәннаттың қақ ортасынан орын бар екендігіне уәде.

Біздің еліміз Мәуераннәһрда да таза Ислам ақидасы үкім жүргізген кезде халқымыз дүние халықтарының озаты болған. Өмірдің түрлі салаларында ғажайып өркениетке қол жеткізген. Басқа түрлі білімдермен бірге ақида білімінде де әлемге танымал ұлы ғұламаларды тәрбиелеп шығарған.

Осы ұлы отандастарымыздан бірі Имам Әбу Мансур Әл-Матуридиге Ислам үмбеті шынайы түрде «Әһлі сүннет уәл-жамағат ақидасын түзетуші» деген лақап ат берген.

Имам Әл-Матуридидің «Әһли сүннет уәл-жамағат» мәзһабына сай Құранға жазған тәпсірі «Тәъуиләтул Әһліс-суннә» деп аталады. Ол кісінің «Китабут-таухид» атты кітабы ақида саласындағы ең құрметті кітап саналады. «Әһли сүннет уәл-жамағат»  мәзһабындағы басты бағыттардан бірі ол кісінің атымен «Әл-Матуридия» деп аталады.

Сондай-ақ, елімізден бұл ұлы имамнан басқа да көптеген ақида білімінің ғұламалары жетіліп шыққан. Мысалы, әйгілі «Ақаид Ән-Нәсәфия» кітабының авторы Имам Нәсафи және осы кітапты шархтаған ғұлама Тафтазанилердің (рахматуллаһи алейһ) аттарын келтіруімізге болады.

Алайда, бұл елдің перзенттері, басқа мұсылман елдер аяққа тұрып жатқанда, құдайсыздардың қол астында өмір сүрді. «Әһли сүннет уәл-жамағат» ақидасын түзетуші Имам Әл-Матуридидің немерелері Ислам ақидасының не екенін білмей қалды.

Нәтижеде, көпшілік бұл салада сауатсыздыққа ұшырады. Ұстаз көрмей өзінше әрекет еткен шәкірттер, қолына түскен түрлі кітаптарды оқудың нәтижесінде, тура жолдан адасты. Түрлі талас-тартыстар пайда болды.

Жағдай өзгеріп, түрлі халық және мәзһаб өкілдерімен байланыс басталғанда, кім не десе соған ілесіп кететіндер көбейді. Еліміздің ішінде Исламның атынан сөйлейтін түрлі мәзһабтарға ілесетіндер де шықты.

Енді өзімізді түзетіп алатын кезіміз келді. Бұл мәселені ғұламалардың басшылығында, бірге шешуіміз керек. Түрлі топ пен ағымдарға ілескендер шынайы ойлап көрсін.

Әлемдегі мұсылмандардың басым бөлігі «Әһли сүннет уәл-жамағат» мәзһабында.

Төрт фиқһи мәзһабтар: Ханафи, Мәлики, Шафиғи жҽне Ханбали мәзһабтарындағы барлық мұсылмандар да «Әһли сүннет уәл-жамағат» та.

Осы жерде қазіргі ихтилафшы мәзһабсыздар да өздерін «Әһли сүннет уәл-жамағат» деп атайтынын ескеруіміз керек. Өздері бұл мәзһабта болмаса да осылай дейді. Алайда «Әһли сүннет уәл-жамағат»  мәзһабының имамдарын «адасқан» деп жала жабады. Олардың бұл айласына еріп кетпеу бізге міндет.

2.Дінімізді үйрену үшін өткен салих мұсылман ұрпақтардың ізімен жүруіміз керек. Дінді үйрену өте маңызды іс. Оны кім көрінгеннен үйренуге жҽне болмайды. Бәлкім, арнайы мамандардан үйрену керек. Діни білімдерді иманы мықты, тақуалығымен танылған сенімді адамдардан үйрену керек. Сонымен бірге, ол адам өзінен алдыңғы ғалымдардан ұстаз ұстанған әрі әрбір білімде ұстазынан рұқсат алған болуы шарт.

Түсіну жеңіл болуы үшін Құран оқуды алайық. Бір адам Құранды қолына алып, араб әріптерін білгені үшін оқып кете берсе, қари болып қалмайды. Сондай-ақ дауыс жазу жиһазынан Құранды тыңдап, соған еліктеп оқитын болса да, қари болып қалмайды. Шынайы қари болу үшін, алдымен ұстаздан сабақ алып, алған сабағын қайталап келіп ұстазына оқып беріп, сынақтан өтіп, оқуға әрі оқытуға рұқсат алған кісіден сабақ алу керек. Ұстазы: «Бұл сүрені толық меңгеріп алдыңыз. Енді сізге рұқсат, оқыңыз, оқытыңыз» деп рұқсат бергеннен кейін ғана аталмыш сүренің қариы болады.

Бұрында Құранды ұстаздың алдында толық жаттағандарға қолжазба куәлік берілген. Сол куәліктердің тізбегі Расулуллаға (саллаллаһу алейһи уа сәлләм жеткен. Басқа білімдерді де Құран оқумен салыстырсын.

3.Ғұламаларды құрмет ету әрі оларға ілесу. Құранда білім мен ғұламалар ең жоғары орынға қойылған. Хадисте де білім, оны үйрену, ғұламалар және олардың құндылықтары жайында көптеген мағлұматтар келген.

Алла Тағала: «Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады» («Фәтир» сүресі, 28-аят), - деген. Ол тағы: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» («Әз-Зумәр» сүресі, 9-аят), - деген.

Тағы да: «Міне, осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді» («Әл-Анкәбут» сүресі, 43-аят), - деген.

Міне осы үш аятта білім мен ғұламалардың ерекшелігі жайында айтылды.

Бірінші аятта Алладан қорқып, Оны ұлықтау тек білімді адамдар тарапынан ғана болатыны айтылды.

Екінші аятта білетіндер мен білмейтіндер, яғни білімділер мен білімсіздер тең бола алмайтыны жайында сөз болды. Білімді адам үнемі үстем тұруы әрі ерекше саналуы, білімсіз адамда бұл нәрселер болмайтынын ишара етуде.

Үшінші аятта келтірілген мысалдарды түсініп, олардан өнеге алу үшін де білім қажет екенін айтты. Бұл да білім әрі ғалымды ұлықтау.

4.Перзент тҽрбиесіне ерекше мән беру. Ұрпағымыз бен дініміздің жалғастырушысы болған перзенттерімізді осы «Әһли сүннет уәл-жамағат» мәзһабында әрі өзіміз ұстанған фиқһи мәзһабта тәрбиелеуді жолға қоюымыз керек. Түрлі мәзһабсыздар мен ихтилафшылардың әсері тимеудің шарасын жасауымыз керек.

5.Түрлі топ және ағымдардан сақ болу. Қазіргі жағдай осыны талап етеді. Тәжірибе де осыны көрсетеді. Елде қай жат топ немесе ағым болса, ортада келеңсіздіктер, ихтилафтар, келіспеушіліктер, жанжалдар шығуда.

6.Адамдар арасында татулық пен достықты күшейту Өйткені, бұл іс дініміздің талабы. Мүмин-мұсылмандар үнемі бір-бірімен тату әрі дос-бауыр болуы керек. Сіз бен бізді бұған үндеуші аят-хадистерді көбіміз жақсы білеміз. Енді, сол аят-хадистерге ықыласпен амал етуіміз керек.

7.Дін, отан және халық пайдасы үшін қызмет ету. Бұл үшін алдымен ихтилафтарды тоқтату керек. Қайда ихтилаф болса, ол жерде аталмыш қызметтерге нұқсан келеді. Барлық адамдар қажетсіз ихтилафтармен қолы босамай, негізгі істер қалып қояды немесе әлсірейді.

8.Ихтилафтардан аулақ болу. Зиянды таластардан аулақ болу әрбір мұсылманның борышы. Құран мен Сүннет, шариғатымыздың үкімдері бізден осыны талап етеді. Бұл кітап осы шындықты түсіндіру үшін жазылды.

материал «Ихтилафтар. Шешімдер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: