22
Жұма,
Қараша

һижри

Құранға немқұрайлы қараудың өкініші

Құранға немқұрайлы қараудың өкініші

Ғибратнама
Жарнама

وَقَالَ الرَّسُولُ يَا رَبِّ إِنَّ قَوْمِي اتَّخَذُوا هَذَا الْقُرْآنَ مَهْجُورًا

«Пайғамбар: «Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды» деді. («Әл-Фурқан», 30-аят)

 Бүгінде көптеген мұсылмандар Алланың кітабына немқұрайды қарау себебінен өте қауіпті жағдайға тап болды.

«يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءتْكُم مَّوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّكُمْ وَشِفَاء لِّمَا فِي الصُّدُورِ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ»

«Әй адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге бір шипа, сенушілер үшін тура жол және рахмет (түрінде Құран) келді».(10:57)

«وَلَقَدْ يَسَّرْنَا الْقُرْآنَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ»

« Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» (54:17)

«إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ»

«Расында Құранды Біз қорғаушымыз.» (15:19)

Алланың кітабы әлемдердің Раббысынан әрқайсымызға жолдау болып табылады! Ол өзінің рақымымен осы ұлы жазбаны жіберіп және оны Қиямет күніне дейін қорғайды. Ол осы Ұлы жазуды жіберді және адамдарды Құран оқып, соған сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне ие болу үшін және сол арқылы оттан құтқарылуға, екі дүниеде де жақсы болуға мүмкіндік бере, сұрақ күніне дейін қорғайды.

Әрқайсымыздың Алланың дінін жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар. Бірақ ол үшін құлшыныс пен күш салу керек!

Өкінішке қарай, мұсылмандардың көпшілігі Жаратушының ескертуін артқы планға қалдырып, осы әлемнің сұлулығына шамадан тыс әуестене отырып тым көп көңіл бөле бастаған, бұл маңызды міндетті екінші кезекке шегереді. Осындай адамдар туралы Әлемнің Иесі не айтатынын еске түсірейік.

«مَن كَانَ يُرِيدُ حَرْثَ الْآخِرَةِ نَزِدْ لَهُ فِي حَرْثِهِ وَمَن كَانَ يُرِيدُ حَرْثَ الدُّنْيَا نُؤتِهِ مِنْهَا وَمَا لَهُ فِي الْآخِرَةِ مِن نَّصِيبٍ»

«Кім ахирет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оган одан береміз. Оған ахиретте несібе жоқ.» (42:20)

«ذَلِكَ بِأَنَّهُمُ اسْتَحَبُّواْ الْحَيَاةَ الْدُّنْيَا عَلَى الآخِرَةِ وَأَنَّ اللّهَ لاَ يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ»

«Бұл жағдай, олардың дүниені, ақиретке балап жақсы көрулерінің салдарынан. Шынында Алла, қарсы болған елді оңғармайды.» (16:107) 

«أُولَئِكَ الَّذِينَ طَبَعَ اللّهُ عَلَى قُلُوبِهِمْ وَسَمْعِهِمْ وَأَبْصَارِهِمْ وَأُولَئِكَ هُمُ الْغَافِلُونَ»

« Міне, бұлар сондай; Алла, олардың жүректерін, құлақтарын және көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде кәперсіз.» (16:108)

Құранға қатысты абайсыздық туралы айта отырып, келесі аяттарды келтірген орынды!

«وَمَنْ أَعْرَضَ عَن ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُ مَعِيشَةً ضَنكًا وَنَحْشُرُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْمَى»

«Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз.» (20:124)

«وَقَالَ الرَّسُولُ يَا رَبِّ إِنَّ قَوْمِي اتَّخَذُوا هَذَا الْقُرْآنَ مَهْجُورًا»

«Пайғамбар: "Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды" деді.» (25:30)

Ия,Алла! Ия. Раббым! осы қайғылы бақытсыздардың, зардап шеккендердің арасына түсіп қалуымыздан сақтап жол бермеңіз.

Енді бәріміз өзіміздің іс әрекетімізге көз сала, сырт көзбен қарайтын болсақ:

  • Мен Құранды үнемі оқып, оқыған нәрселерім туралы ойланамын ба?
  • Мен Құранды тиісті дұрыс үйренуге тырысамын ба?
  • Мен өзім Құраннан түсінгенімнен басқаларға түсіндіріп, үйретіп жүрмін бе?

Егер жауабыңыз көбінесе теріс болатын болса, онда өміріңізге тез арада өзгеріс енгізетін кез келді.

Алла Тағала имандылыққа шақыра отыра, Алла бұйырады:

«فَاسْتَبِقُواْ الْخَيْرَاتِ»

«Сонда жақсылыққа жарысыңдар» (2:148)

«مَن جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِّنْهَا وَهُم مِّن فَزَعٍ يَوْمَئِذٍ آمِنُونَ»

 

«Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады.» (27:89)

«إِنَّ الَّذِينَ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَأَنفَقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً يَرْجُونَ تِجَارَةً لَّن تَبُورَ»

«Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындагандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жүмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады.» (35:29)

Алланың (с.ғ.с) Елшісіне келетін болсақ, ол былай деді: «Білім іздеу әрбір мұсылман үшін міндеттеме болып табылады».

«خيركم من تعلم القرآن وعلمه»

«Сендердің ең жақсыларың – Құран үйренушілер мен оны үйретушілер»

«مَنْ قَرَأَ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ اللَّهِ فَلَهُ بِهِ حَسَنَةٌ وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا . لاَ أَقُولُ: الم حَرْفٌ ، وَلَكِنْ أَلِفٌ حَرْفٌ وَلاَمٌ حَرْفٌ وَمِيمٌ حَرْفٌ»

«Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» (Тирмизи (Абдуллаһ ибн Масғуд риуаят етеді).


الْمُؤْمِنُ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ وَيَعْمَلُ بِهِ كَالأُتْرُجَّةِ، طَعْمُهَا طَيِّبٌ وَرِيحُهَا طَيِّبٌ، وَالْمُؤْمِنُ الَّذِي لاَ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ وَيَعْمَلُ بِهِ كَالتَّمْرَةِ، طَعْمُهَا طَيِّبٌ وَلاَ رِيحَ لَهَا، وَمَثَلُ الْمُنَافِقِ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَالرَّيْحَانَةِ، رِيحُهَا طَيِّبٌ

وَطَعْمُهَا مُرٌّ، وَمَثَلُ الْمُنَافِقِ الَّذِي لاَ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَالْحَنْظَلَةِ، طَعْمُهَا مُرٌّ- أَوْ خَبِيثٌ- وَرِيحُهَا مُرٌّ

«Құран оқушы мүмин – тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмин – иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді – хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді - иісі де жоқ, дәмі де ащы ханзала (колоквинт) секілді» (әл-Бухари, Муслим).

«لا حسد إلا على اثنتين، رجل آتاه الله الكتاب وقام به آناء الليل، ورجل أعطاه الله مالا فهو يتصدق به آناء الليل والنهار»

«Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, олар: Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Алла оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» (әл-Бухари, Муслим).

«اقْرَءُوا الْقُرْآنَ ، فَإِنَّهُ يَأتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لِأَصْحَابِه»

«Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді»

Қорытындылай келе, Құранды оқудан, оның мағынасына ой жүгіртуден, оны оқудан және оның құрамындағы бұйрықтарды жүзеге асырудан бас тарту оған деген немқұрайлылық ең үлкен зиян әкеледі деп айтуға болады. Құранды оқу, оның мағыналарын зерделеу және өмірінде күнделікті тәжірибесі ретінде қолдану Алланың ризашылығын алуға себеп болатыны ақиқат.

Егер адам Құранның мағынасын түсінбесе, Құранда Алланың бұйрықтарын орындау мүмкін еместігін түсіну маңызды. Сондай-ақ, Құранның мағынасын Алланың елшісі Сүннетін жан-жақты сахабалардың дінді қалай түсінгенін егжей-тегжейлі зерттеместен түсіну мүмкін емес.

Бұдан басқа,  Алланың алдында Құран оқып, бои ұсынып бес мәрте намаз оқуға міндетті. Әрине, намазды оқу барысында араб тілін түсінбей оқитын нәрсені ойластыру өте қиын. Үйренгенше болар әрине әр ұлт өз тілімен үйренер, бірақ арапша оқым үйренбеген жағдайда мағынасы өзгерері анық. Сол себептен мешіттерге келіп сырттан емес білікті ұстаз, мамандардан Құран оқып үйреніп ілім алғаны дұрыс.

Алланың алдындағы өз міндеттемелерін ең жақсы орындау үшін мұсылмандар Құранды оқытушымен бірге үйренуі, сондай-ақ оны дұрыс оқып, түсінуі тиіс, оған таджвид пен классикалық араб тілін білместен толық көлемде қол жеткізу мүмкін емес.

Қарлығаш Қажымәлікқызы

«Нұр-Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: