16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Тәртіпке бағынған құл болмайды

Бір аят тәпсірі
Жарнама

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنكُمْ ۖ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِن كُنتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلًا

«Уа иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан (өздерің сияқты мүмін) болған басшыларыңа бағыныңдар. Егер Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, қандай да бір мәселе төңірегінде өзара келісе алмай таласып қалғандарыңда, Аллаға және Оның елшісіне жүгініңдер. Солай істегендерің (өздерің үшін) әлдеқайда қайырлы һәм ақыры да анағұрлым жақсы болады». (Ниса-59)

 

Алла Тағала Ниса сүресінің 58-ші аятында  қазылар мен басшыларға өз істерінде әділ болуын талап етсе, артынша жоғарыдағы аятта дәл сол уақытта адамдарға да бастарына қойылған әміршіге бойұсынуды бұйырады. Аллаға бойұсыну оның әміріне мойынсынып, тыйғанынан тыйылу болса, Пайғамбарға бойұсыну оған Алла Тағала тарапынан берілген сүннетке бағыну болып табылады. Ал басшыларға бағынуға келсек, ол шариғат шеңберінде болады. Яғни, басшының әмірі шариғатқа тікелей қайшы келмесе оған бойұсыну әрбір мұсылманның міндеті. Сөзімізді Пайғамбар сөзімен қуаттай кетелік: Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Барлықтарың бақташысыңдар және әркім қарамағындағыға жауап береді. Имам (басшы) да бақташы. Ендеше ол да қарамағындағыларғ ажауапты. Ер кісі де отбасы мүшелерінің бақташысы. Олай болса, ол да қарамағындыларға жауапты. Әйелде күйеуінің үйіне бақташы. Ендеше ол да қарамағындағыға жауапты. Қызметші де қожайынының дүниесіне бақташы. Ендеше ол да қарамағындағыға жауапты».  (Бухари және Мүслим риуаят еткен)

Бұл хадис шәриф қоғамдағы тәртіптің рөлін ашып-жарып көрсетуде. Ұлы Пайғамбардан (с.ғ.с) қалған ұлағаттың  соңғы бөлімінен бастап жоғарыға қарай заманымыздың призмасынан зер салсақ, қызметші я да әскердің күнделікті тірлігі нағыз тәртіпке бағынудың дәлме дәл көрсеткіші. Әскер, әрбір басқан қадамы үшін әміршінің алдында жауапты. Алайда, бұл борыштың өтелуі әскерді құл емес қайта шенін өсіріп жауынгерлік санатымен өрге сүйрейді.

Әйел күйеуінің үйіне бақташы. Әрине бұл да бір тәртіп аясында болары хақ. Бала тәрбиесі, оларды күнделікті беті-қолын, тісін жууға дағдыландыру т.б не әйелді күң, не балаларды құл қылмайтыны даусыз. Осылайша, ер азамат отбасы мүшелерінің әр қайсысына, тәртәбіне, ішіп-жеміне бақташы болса, әмірші [елдің, қаланың немесе белгі бір саланың] бүкіл елдің тыныштығына, хал-ахуалына немесе өзі басқарып отырған саланың тәртіп-заңына  жауапты.

Жоғарыда зікір етілген аят осы бір хадистің екінші жағын толықтырып тұрғандай. Яғни Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір мұсылманның жауапкершілігін бекітсе, Алла Тағала сол жауапкерлердің қарамағындағыларға басшы әмірлеріне [мемлекет заңы, жол ережелері т.б.] бойұсынуды бұйырады.

Ummet.kz

Бөлісу: