23
Сенбі,
Қараша

һижри

Салиқалы амал негізінде екі түрлі

Салиқалы амал негізінде екі түрлі

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Құдіретті Құдай Тағала Құранның "Асыр" сүресінің 4-аятындағы бір бөлігінде салиқалы амалдар жайында сөз етеді. 

Аталмыш аяттың бір бөлігінде:

وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ

"Және иман арқылы көркем амал жасағандар". Яғни, иандары тек қана көңілдері мен тілектерінде қалып қоймай, жасаған істерін имандарына сай, Алланың разылығына, түскен үкімдерге сәйкес, ақиқат пен қайыр екендігіне сеніп[1], әрбір жақсылықты отбасы, туыстары, елі, тіпті жалпы адамзаттың бақыттылығы үшін жасағандар. Әмір етілген уәзипаларды орындап, тыйым салынған үлкен күнәлар мен жиіркенішті қылықтардан іргесін аулақ салғандар.

Құран бойынша, тамыры иман емес барлық амалдар салиқалы амалдарға жатпайды. Сондықтан да Құранның қай жерінде салиқалы амалдар хақында сөз қозғалса, сонымен бірге иман да айтылған. Һәм әрқашан салиқалы амал, иманнан кейінге қалдырылған. Сондай-ақ еш жерде, жақсы да болса имансыз іс-әрекетке сый-сияпат үміті берілмеген. Пайдалы және бағалы иман - амал арқылы анықталған иман екендігін көрсеткен. Өйткені, амалсыз иманға иелік еткен адам өзін қаншамаимандымын дегенімен негізінде ол Алла және Елшісінің (ғалайһиссалам) көрсеткен жолынан өзге бір жолға түскен болып саналады.

Салиқалы амал негізінде екі түрлі:

Біреуі - тәнге қатысты құлшылықтар. Яғни, жауапкердің тікелей өзіне пайдалы және өзінің жақсылығы үшін болған амалдар.

Келесісі - зекет және садақа тәрізді басқаларға пайдасы тиетін амалдар. Бұның ең маңыздысы да ақиқатқа шақыру және хақ жолында күш-қайрат жұмсау. Бұлар иман және көркем амал арқылы бір-бірлеріне және басқалардың да мәңгілік бақытқа жетулеріне күш-қайрат жұмсап, оларды Хаққа шақыруды негізгі міндеті санамақ.

 Материал "Мәңгі мұғжиза" кітабынан алынды

[1] Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 525-бет.

Бөлісу: