26
Жұма,
Сәуір

һижри

Бала тәрбиесі: Бәсіре тарту ету салты

Қазақ халқының әрбір жасаған әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері мағыналы, мазмұнды әрі тәрбиелі.

Халық дәстүріндегі құдайы астар

Қазақ халқының дәстүрінде марқұмдарға арнап берілетін құдайы астардың бірнеше түрі бар. Мысалы, «үш күндігін беру», «жетісін беру», «қырқын беру», «жүзін беру», «жылын беру» және т.б. Яғни көңіл айтып келген кісіге дастархан жайып ас беру қазақ халқының қанына сіңіп, дәстүріне айналған.

Бала тәрбиесі: Шежіре тарқатудың мәні

«Шежіре» сөзі араб тілінде «бұтақ» немесе «ағаш» мағынасын  білдіреді.  Тарих  ғылымында  «шежіре» –  ұлттың  шығу  тегін  анықтайтын  дереккөз  ретінде қарастырылады. 

Исламмен үндескен дәстүр: «Жеті атасын білген ұл...»

Ислам діні адам баласының ұрпағы, оның ата-тегінің ауыспауы, ұрпақтардың шатаспауы сынды мәселеге өте қатал қараған. Ұрпақтың бақытты болуы, қоғамның бейбіт күн кешуі, адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен құрметтің мол болуы дүниеге салиқалы ұрпақты келтірумен тікелей байланысты екені даусыз.

Дін мен дәстүр: Мәуліт мерекесін тойлау

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман жұртшылығы «мәуліт» сөзін Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні ұғымында қолданады. Ал Ислам тарихшыларының басым көпшілігі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнінің 571 жыл Рабиул-әууәл айының дүйсенбі күніне (571 жыл сәуір айына) сәйкес келгенін айтады.

Қазақ дәстүрі: Ауызға түкірту

Қазақтың ауызға түкірту деген тағы бір жақсы дәстүрі бар. Ертеде елге аты әйгілі, жыршы-жырауларға, данышпан-ғұламаларға, айналасына пайдасы тиіп жүрген тұлғаларға сәбиін алып барып, аузына түкіртіп алу дәстүрі болған. Мұндағы мақсат балам сол кісідей елге сыйлы, пайдалы адам болса екен дегені.

Исламмен үндескен дәстүр: Жыртыс, тәбәрік беру

Қазақтың тәбәрік беру дәстүріне кіріспес бұрын әуелі ислам дініндегі тәбәрік  ұғымына тоқтала кетейік. Араб тіліндегі «табаррук» сөзінің тілдік мағынасы – береке іздеу. Береке сөзінің мағынасы – өсу, арту дегенді білдіреді. Әр-Рағиб әл-Исфаһани: «Береке дегеніміз – иләһи жақсылықтың бір нәрсеге даруы», - деген.

Қазақтың дәстүрі: Жылу жинау

Қазақ халқының ұлт болып ұйысуына, еңсесі биік ел болуына мол септігі тиген қайырлы һәм сауапты салттардың бірі – жылу жинау. Бұл жораның бір қыры әлеуметтік өмірге қарасты болса, екінші шеті мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық секілді жүрек дархандығымен астасып жатыр.

Құдайы ас берудің діндегі орны

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленіп, жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында: «Қайтыс болған кісінің атынан ас беру – ислам шариғатында міндетті 8 түрде атқарылуы тиіс парыз амалдарына жатпайды.

Әдет-ғұрыптың өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі

Әдет-ғұрып  заман  ауысқан  сайын  өзгеріске ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтан да фиқһ ғұламалары әр заманға және қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сай кейбір тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын айтқан. 

Исламмен үндескен дәстүр: Көңіл айту

Ет жақын туысы қайтыс болған жандарға қайғыларына ортақтасуды білдіретін  көңіл айту дәстүрі барлық халықтарда бар. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде  де бұл салтқа ерекше мән беріледі.